Спорт

Тұңғыш Президент саябағында квест ойыны өтті

Өрмекші, лабиринт, сұрақ-жауап. Қаладағы Тұңғыш Президент саябағында түрлі сыннан тұратын квест ойыны өткізілді. Шара “Жастар жылы” аясында алғаш рет ұйымдастырылған.

Бұл жерде 14 құрама жиналған. Әр топ 5 адамнан тұрады. Қатысушыларға берілген алғашқы тапсырма – команданың аты мен ұранын ойластыру. Соған сәйкес баға қойылады. Тағы ескерілетін жайт – атау тақырыпқа сай әрі креативті болуы тиіс.

Ксения Грянова, “Молодежь за ЗОЖ” ЖҚБ өкілі:

– Бүгінгі шара қалада алғаш ұйымдастырылып отыр. Оған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, “СевКазЭнерго”, “Жасыл ел” жасағы және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептерінің мамандары атсалысуда. Негізгі мақсат – жастарды салауаттты өмір салтына баулу.

Команда мүшелері саябақты айналып шығулары керек. Құр жүгіріп өтпей, жолда кездескен тапсырмаларды орындайды. Барлығы 13 нүктеде аялдайды. Мәселен, мына бір тұста фотомозаикадан тез әрі сауатты түрде сурет құрастыру қажет. “Лабиринт” дегет тағы бір сынақ бар.

Камал Мирзаев, “Борцы” командасының мүшесі:

– Ең қызық тапсырмалардың бірі – лабиринттен өту. Осы жерде біздің ұйымшылдығымыз сыналды. Топтың әр мүшесі жіптің көмегімен дөңгелене құрылған лабиринттен жол табуға тырысты.

Ал “Өрмекші” деген сында қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап, жіптердің ар жағына өтулері керек.
Сыннан сүрібней өткен – “Жеңіс” құрамасы. Әрине, спорт саласында қызмет етіп жүрген мамандар үшін бұл қиын емес. Олар берілген тапсырманы шапшаң орындап, 9 ұпай иеленді.

Тағы ұпайларын еселеп алу үшін команда мүшелері шашылып жатқан фишкаларды тауып, теріп алулары керек болды. Сөйтіп, барлық ұпайлары қосылып, үздік үштік анықталады. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталмақ.  

Актолкын Солтанханкызы