Құқық қорғау органдары

Өңірде жыл басынан бері 700 ұрлық фактісі тіркелген

Шойын батареяны ұрлап бара жатып, жолай балалар арбасын ала кеткен. Петропавлда тәртіп сақшылары қала тұрғынының мүлкін қолды қылған 37 жастағы ер адамды ұстады. Ұрлық барысы баспананың кіре берісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты.

Жақында полицейлерге Жамбыл көшесіндегі үй тұрғынынан балалар арбасы жоғалып кетті деген хабар түседі. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кіріседі. Кейін олар баспананың кіреберісінде орналасқан бейнебақылау камераларын тексеріп шыққан. Нәтижесінде жазбаға түсіп қалған 37 жастағы күдікті анықталады.
Ол ең алдымен үйлердің бірінен жылу батареясын алып шыққан екен. 25 келі темірдің ауырлығынан ер адамның қолы талып қалады. Сосын жүгін баспалдақ жанында тұрған арбаға салып, металл өткізетін орынға алып барған.

– На каком этаже батарея была? Она разобранная была?

– Нет, она стояла возле лифта. Девять секций.

– Сколько кило чугуна стоит?

– 54-55.

 – Сколько выручили за батарею?

– Где-то полторы тысячи.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға балалар арбасы, самокат және велосипедтерді назарсыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Мейірхан Адыров – Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі: 

– Петропавл қаласының Полиция басқармасына подъезден белгісіз тұлғалармен балалар қол арбасының қолды болғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 37 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ, 20-шы шағын ауданындағы учаскелік полиция инспекторлары қымбат велосипед мінген 2 мас адамды тоқтатқан. Олар көліктерді тауып алғанын айтып, тәртіп сақшыларына тастап кетіпті. Қос мүлік қазір Уәлиханов көшесіндегі бірінші полиция бөлімінде жатыр. Полицейлердің сөзінше, әзірге велосипед ұрланғаны тұралы ешкім арыз жазбапты.

Маржан Касымбек