Құқық қорғау органдары

Ұрлық түбі – қорлық

Ұрлық түбі – қорлық. Қалалық полиция басқармасы криминалдық бөлімінің қызметкерлері 36 жастағы қала тұрғынын қамауға алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша күдікті саяжайдағы үйлерді тонаумен айналысқан.

Қалалық полиция бөліміне электр құралдары, шаруашылық саймандар, азық-түлік және тағы да басқа заттар ұрланғаны жайында бірнеше шағым түседі. Жедел-іздестіру іс шарасы кезінде полицейлер 36 жастағы ер азаматты ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстайды. Тергеу кезінде бұл ақпарат расталған. Ер азамат шынымен де қала маңында орналасқан саяжайлық үйлерге ұрлыққа түсіп отырған. Ол бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.

– Вскрыл дачный домик. Похитил оттуда мотокультиватор. Все, продал его. Вырученные деньги потратил на личные нужды.

– Как внутрь попадали?

– Вскрыл замок монтировкой.

Белгілі болғандай қылмыскер өз ісіне түн ортасында кіріседі екен. Бұл кезде күзетшілер мен үй иелерінің көбісі шырт ұйқыда болады. Оңтайлы сәтті пайдаланған баукеспе жымқырған дүниелерін қала орталығындағы базарлардың біріне апарып сатқан көрінеді.

Жүсіп Қайырлынов – қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

–  Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

КОРР: Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті қамауға алынды. Ұсталған ер адам 10 мәрте ұрлық жасаған көрінеді. Тергеу жұмыстары оның осыған ұқсас басқа да қылмыс жасауына қатысты жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына құнды заттарды саяжайда қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Бердімұрат Баймұқан