Мәдениет

Украин этномәдени орталығының құрылғанына – 25 жыл

Өңірдегі Украин этномәдени орталығының құрылғанына 25 жыл толды. Ұйымның мерейтойына орай Достық үйінде салтанатты жиын өткізілді. Оған облысымыздың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қатысып, ән мен күйден шашу шашты.

Алексей Колоденко – мерекелік шараның ең жас өнерпазы. Сахнаға жалғыз шыққан жеткіншек тыңдарман қауымнан әсте қысылар емес. Керісінше, әуеннен шашу шашып, жиналған жұртқа ерекше серпіліс берді. Алексей қолындағы музыкалық аспапта шеберлікпен ойнауды небәрі 9 жасында меңгерген.

Алексей Колоденко – “Хуторок” ансамблінің мүшесі, Аққайың ауданы:

– 41 Аспапта ойнауды маған атам үйретті. Мен күнде жаңа туындыны үйренуге тырысамын. Бүгінгі мерекеде бұрын орындап көрмеген жаңа шығарманы ойнадым. Барлығына ұнаған секілді. Қошеметтерін көрсетіп, алғыстарын білдіріп жатқандар да бар.

Жергілікті украиндардың той-думандары қызылжарлықтарсыз өтпейді. Бұл жолы да «Хуторянка» этномәдени орталығының өкілдері ерекше тосын сыйын әзірлеп келіпті. Олар өздерінің ең сүйікті ұлттық әндерін шырқап, мереке көркін қыздыра түсті.

Наталья Пересыпкина – «Хуторянка» этномәдени орталығының жетекшісі, Қызылжар ауданы:

– «Хуторянка» этномәдени орталығының құрылғанына биыл 15 жыл толып отыр. Бүгінгі күн біз үшін аса маңызға ие. Себебі, біз қос мейрамды атап өтудеміз. Жалпы, ұжымда біраз жылдан бері еңбек етіп жүрген зейнет жасынан асқан 8 адам өнер көрсетеді.

Жалпы, өңірде Ассамблея құрамында 20-ға жуық украин этномәдени орталығы бар.

Маржан Касымбек