МТРА жаңалықтары

Қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Жуырда жергілікті депутаттар 8 бірдей ауланы аралап, ондағы асфальттің есеп-қисапсыз төселгенін анықтаған. Яғни, дәл қай жердегі жабындыны ауыстыру қажеттігі нақтыланбапты, ал мердігерлер жөнделетін аумақты қалағандарынша белгілесе керек. Ауладағы қалыпқа келтіру жұмыстарына пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары жауапкершілік танытулары қажет.

Қоғамдық кеңес мүшелері бүгінгі жиында тек бір ғана мәселені талқыға салды. Ол – әлеуметтік салық есебінен қалалық бюджетке түскен қаражат жайлы. Үстіміздегі жылы аударылған ақша жалақының артуына байланысты өскен. Жиналған сома шамамен 4 млрд теңгені құрайды.

Назгүл Бекмағамбетова – қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы:

– Түскен ақшаның 280 млн-ы қаланың инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады. 25 көшенің қалыпқа келтірілуін мысал ретінде келтіре кетейін. Яғни, жолдарға қиыршық тас төселеді, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі және аулалардың жағдайын жақсартамыз.

Бөлім басшысы айтып отырған 280 млн теңгенің 60 млн-ы қиыршық тас төсеуге және ой-шұқырларды жабуға қарастырылған. Мұндай шаруа жыл соңына дейін Пугачев, Космодемьянская, Белинский, Суворов сынды 15 көшеде тындырылады. Ал 150 млн теңгеге шаһардағы 25 аула қалыпқа келтіріледі. Жиын барысында сөз алған қоғамдық кеңестің мүшесі Александр Казанцев үй маңдарында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтындығын жеткізді. Оның айтуынша сапа сын көтермейді.

Александр Казанцев – қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

– Біз облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен 8 ауланы тексердік. Барлығында да асфальттің сапасыз төселуіне қатысты ескерту айтылды. Бірақ, ең бастысы, біз мынаны анықтадық: аулаларды асфальттау ешкіммен есептелмеген. Ешбір жобалары жоқ. Қай жерді дұрыстау керектігі нақты көрсетілмеген. Бұл іске ПИК төрағалары жауапкершілік танытуға тиісті. Олар мердігерлермен келісіп, қай аумақты жөндеу қажеттігін шешіп алғандары дұрыс болады.

Сонымен қатар, қала аумағындағы темір жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына 70 млн теңге

Дана  Ешкенова