Бизнес және экономика

Банкроттық рәсім туралы талқыланды

Жеке және заңды тұлғалардың дәрменсіздігі: мәселелері мен оларды шешу жолдары. Бүгін өңірлік Кәсіпкерлер палатасында осындай тақырып төңірегінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Жиынға кәсіпкерлер, сот өкілдері мен сақтандыру компанияларының мамандары қатысты. Шараға жиылғандар өзара тәжірибе алмасып, банкроттық және оңалту саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған бастамалар мен толықтыруларды талқылады, ұсыныстарын білдірді. Айтуларынша, кәсіпорынның түрлі төлемдерді өтеуге қабілеті болмаса, банкрот деп тану қажет. Ал болашағы барларына нығыз қолдау көрсетілуі тиіс дейді мамандар. Айта кету керек, жалпы, соңғы 3 жылда елімізде банкроттық рәсімін 1700-ден астам кәсіпорын аяқтаған. Оның 60 пайызын салық органдары ұсынған.

Бердимурат Баймухан