Жаңа оқу жылына дайындық барысы

Білім

21:11 20 Тамыз 2019

Биыл облыс бойынша оқушылардың саны 70 мыңға жуықтайды. Оның 9 мыңнан астамы – 1-ші сыныпқа баратындар.

Биыл өңірде оқушы саны 5 балаға жетпейтін 7 бастауыш мектеп жабылыпты. Нақтырақ айтсақ, олар – Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар және Тайынша аудандарындағы білім ошақтары. Сондай-ақ, 7 мектеп қайта құрылған. Оның 3-уі орта мектептен негізгі білім беретін болып өзгертілсе, қалғаны негізгіден бастауышқа ауыстырылған.
Жөндеу жұмыстары облыс бойынша 130 білім ошағында қолға алыныпты. Жартысына жуығында шаруа толығымен аяқталған.

Балаларды оқулықтармен қамту бағытында да біраз жұмыстар атқырылып жатыр.

Гүлмира Кәрімова: СҚО білім басқармасының басшысы:

– Биыл мектептерге 49 мыңға жуық оқулық келеді деп жоспарланып отыр. Оның 21 мың 700-і – жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын 4-ші, 9-шы және 10-шы сынып оқушыларына арналған. Қазір бұл жұмыстардың 50 пайызы тындырылды.

Биыл жоғары сыныптардың оқу бағдарламасына 3 жаңа пән қосылған. Оның бірі “Бизнес және оның негіздері” деп аталады.

Гүлмира Кәрімова: СҚО білім басқармасының басшысы:

– Сондай-ақ, “Графика мен жобалау” мен “Бастапқы әскери және техникалық дайындық” пәндері де бар. Бұндай бағыттарға басымдық беру – заман талабы әрі жастардың салаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған.

Сонымен қатар, “Жеңіл сөмке” атты жаңа жоба іске қосылмақ. Оның бір тиімді тұсы – енді оқушылар өздерімен оқулықтарды алып жүрмейді. Яғни, балалар үй жұмысын телефондағы бағдарлама арқылы орындай алады. Ал мамандар өз кезегінде ата-ана тарапынан жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы қандай да бір сұрақтар мазалайтын болса 35-00-80 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.

 

Актолкын Солтанханкызы

 

Бұдан әрі оқыңыз

Өңір колледждерінде парасаттылық пен адалдық сағаты өтті
Оқушылар “Жас ұлан” ұйымына қабылданды
Жергілікті жастар кәсіби шеберлік сайысынан үш жүлдемен оралды
49 студент шетелде өткен өндірістік тәжірибеден оралды
Химия-биология бағытындағы НЗМ аккредитациядан өтті
Пәнаралық олимпиаданың қалалық кезеңі өтуде
“Адал ұрпақ” клубтарының белсенділері бас қосты
Химия-биология бағытындағы НЗМ-де ашық есік күні өтті
Техникалық маман иелерінің үздігі анықталды