МТРА жаңалықтары

Сәнді әрі сапалы тондардың жәрмеңкесі

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісінен тігілген алуан түрлі тондар. Нағыз сәнқойлар үшін жағымды жаңалық! Петропавлда ресейлік “Эталон меха” компаниясы тіккен ішіктердің көрмесі өтіп жатыр. Бағалары да қолжетімді.

Дана Сәлімқызы – тілші:

– Бұл көрмеден көздің жауын алатын түрлі түсті, ұзынды-қысқалы тондардың сан алуан түрін кездестіруге болады. Мұнда бағалы құндыздар, түлкі жағалы тондар мен қаракөл ішіктерін киіп қарап, еркін таңдауға мүмкіндік бар.

Мына павильонда жайғастырылған “Эталон меха” компаниясының тондары қазақстандық тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Түрлі ішіктердің сапасы да жоғары. Мәселен, жыл сайын Пятигорск қаласында шығарылатын киімдерді таңдайтын солтүстікқазақстандықтардың қатары көбейіп келеді. Бұл жолы көрмеге қойылған қысқы сырт киімдер арзандатылған бағамен саудалануда. Мысалы, әр тонға жеңілдік қарастырылған. Бұдан бөлек, көрмеден сатып алған кез келген тауарыңыздың ақшасын бөліп төлеуге де мүмкіндік бар.

Алексей Виновный – “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Көңілден шыққан кез келген тауарды несиеге алуға болады. Ай сайын бөліп төлеу жүйесі қарастырылған. Жалпы, біздің тондар Қазақстанның барлық қалаларында үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, Петропавлда. Сол себепті, біз осында жылына 4-5 рет келіп отырамыз.

Тондардың бағалары әр түрлі. Мәселен, мына ішікті әркімнің қалтасы көтере бермейді. Құны – 1 млн 50 мың теңге. Себебі, ол қаракүзен және сілеусін терісінен тігілген екен.

Қызыл, жасыл, көк, қара, қоңыр және графит. Бұл көрмеден тек тондардың қарапайым үлгілерін ғана емес, табиғи және боялған түрлерін де таба аласыз. Қарай берсең, көз тоймайды. Жәрмеңкеде тондардан бөлек, түрлі түсті паркалар да жетерлік. Олар көбінесе жас қыздардың сұранысына ие. Паркалардың орташа құны 100 мыңнан 250 мың теңгеге дейін.

Алексей Виновный – “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Бұл – түркиялық паркалар. “Сан-сар” фирмасында жасалған. Жылуды жақсы ұстайды. Жағасы түлкі терісінен тігілген. Бұларға көбінесе жастар қызығушылық танытып жатады.

Қала тұрғыны Халима Искандарова Петропавлда осындай ішіктер көрмесі өтетінін жарнамадан көріп, осында арнайы келген екен. Нәзікжанды көрмеде қойылған алуан түрлі тондардың өзгеше үлгілеріне назар аударуда.

Халима Искандарова – қала тұрғыны:

– Өткен жылы дәл осы жерден қаракүзеннен жасалған ішік сатып алған едім. Енді биыл капюшены бар тон алғым келіп жүр. Себебі, біздің жақтың қысы өте суық.

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісінен тігілген тондар. Көрмеде мыңға жуық ішікті кездестіруге болады.

Дана Сәлімқызы – тілші:

– Нәзікжандылардың құлақтарына алтын сырға! “Эталон меха” көрмесі қаламызда тамыздың 25-іне дейін жалғаспақ. Сәнді әрі сапалы тон аламын десеңіз “City Mall” сауда орталығының 3-қабатындағы ішіктер жәрмеңкесіне асығыңыздар!

 

 

 

Ешкенова Дана