Балалар

Арыстық балалардың демалысы көңілді өтуде

Шілде айында қаладан алыс емес жерде орналасқан «Алтын күз» лагеріне / арыстық балалар жазғы демалысқа келген болатын. Олар Қызылжар өңірінде 1 ай болды. Ал бүгін жеткіншектер шаһар маңындағы «Green Park» саябағында тынықты.

«Green Park» саябағында мамандар балаларды құшақ жая қарсы алды. Бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Қазір олар саябақ ішінде экскурсияда жүр. Сондай-ақ, жануарларды тамашалап мәз-мейрам болуда.

Нұрсұлу Ерсімбек – оқушы, Арыс қаласы:

– Петропавл бізге қатты ұнады. Бұл жақтың табиғаты өте керемет, ауасы таза екен. Біз көп жерге барып қыдырдық. Маған бұл қала ұнады.

Бүгін арыстық демалушылар осында күні бойы тынығады. Саябақ ұжымы балалардың жүздеріне күлкі сыйлай алғанымызға қуаныштымыз дейді.

Максим Калинин – «Green Park» таңдаулы отбасылық парк-отелінің бас директоры:

– Балаларды көргенімізге өте қуаныштымыз. Бүгін оларға ойын-сауық ұйымдастырамыз. Бассейнге апарып, паровозға отырғызамыз. Сонымен қатар, велосипедпен серуендетіп, түскі және кешкі ас ішкіземіз. Біздің саябақта осындай қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады.

Кейін балдырғандарға аниматорлар көрсетілім қойып, көңілдерін көтерді.

Бұдан кейін балғындарға тегін балмұздақ үлестірілді. Балалар түскі астарын ішкеннен соң бассейнде шомылып бой жазды. Жеткіншектер теріскей өңірінде жыл сайын демалғымыз келеді дейді.

Жалпы, күнгейден облыс орталығына 50-ге жуық бала келген болатын. Бүгін олар қалада соңғы демалыс күндерін өткізуде. Ал ертең туған жерлері Арыс қаласына жол тартпақ.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан