Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жергілікті зауыт алғашқы термос-вагондарын Ресейге жөнелтті

Петропавлдағы ауыр машина жасау зауытында әзірленетін термос-вагонының алғашқы легі экспортталды. Мамандардың айтуынша мұндай заманауи тасымал құралы әлем бойынша жоғары сұранысқа ие. Бүгін Ресейге оның 2-уі жөнелтілді.

Тамыз айының басында Петропавл ауыр машина жасау зауыты термос-вагондарын жасап жатқандығын көрсеткен болатынбыз. Жаңа жабдықтың ерекшелігі бар. Ол тез бүлінетін азық-түлік, жеміс-жидектерді ұзақ уақыт қалыпты температурады сақтап, бір жерден келесі орынға жеткізуге арналған. Міне, бүгін тасымал құралының алғашқы легі әзір. Тың дүние Ресейге экспортталмақ.

Вадим Шакшакбаев – «Петропавл машина ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:

– Біздің вагондар барлық сараптау комиссияларының тексерісінен толық өтті. Оның ішінде Қазақстан Теміржолы әкімшілігінің ведомствоаралық комиссиясы, сондай-ақ Мәскеудегі темір жол көлігі кеңесінің вагондар жөніндегі сарапшылар комиссиясы тексеріп, өнімге оң бағаларын берді. Кеден одағының сәйкестік сертификатын да алдық.

Қазір жұмысшылар айына осындай 50-ден аса вагон жасап шығаруға толық қауқарлы. Бүгін өндіріс орнының алғашқы 2 термос-вагоны Ресейге жөнелтілді.

Евгений Больерт – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазіргі уақытта бұндай вагондар жоғары сұранысқа ие. Өйткені, жалпы нарықта азық-түлік тасымалдау қиын. Бұл, әрине Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырады. Біздің отандық өндірушілер осындай күрделі жобаларды қолға алып, жүзеге асырып жатқандары өте қуантады.

Жалпы, термос-вагондар көкөніс, жеміс, ет, балық сияқты тез бұзылатын тағамдарды қалыпты температурада сақтап белгілі жерге сол қалпында жеткізеді. Бас директордың айтуынша зауыт жаңа құрылғылармен толықтырылмақ. Ал алдағы уақытта жоспарға сай 1 айда 100-ден аса заманауи вагон жасау көзделіп отыр.

 

 

Бердимурат Баймухан