МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік кірістер органына – 5 жыл

Тамыздың 14-і – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің төл мерекесі. Бүгін осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға жиналғандарды облыс әкімінің атынан бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Марат Тасмағанбетов, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Биыл мемлекеттік кірістер комитетіне – 5 жыл. Сіздер мемлекет басшысы қойған қызметті абыроймен атқарып, ел дамуына үлес қосып отырсыздар. Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға береке және халыққа қызмет етуде табыс тілеймін.

Жиында адал қызметі үшін 4 маман облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Тағы, “Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің үздігі” медалі табысталды. Мұндай марапатқа ие болғандардың бірі – Самат Есмұқанов. Оның осы салада еңбек етіп жүргеніне 19 жыл толыпты. Қызметін кезінде қарапайым маманнан бастаған азамат бүгінде Мамлют ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.

Самат Есмұқанов, Мамлют ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы:

– Мамлют ауданы кірістер басқармасының басшысы ретінде 2013 жылдан бастап қызмет етемін. Бүгін мемлекеттік кірістер органдарының жұмысшыларын құттықтаймын. Еңбегімді жоғары бағалағаны үшін облыстық басшылыққа алғысымды білдіремін. Өте қуаныштымын.

Жалпы, Кеден қызметі мен салық қомитеті бірігіп мемлекеттік кірістер органы болып қайта құрылғана биыл 5 жыл толыпты. Осы аралықта мамандар тыңбай жұмыс жасап, өз тарапынан мемлекеттік қазынаны толтыруда аянбай еңбек етуде.

Төлеген Қабдөшев, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

 – Жыл сайын кірістер өсімі көтеріліп келеді. Егер 2014 жылы ел бюджетіне 52 млрд теңге кірсе, 2018-де 79,2 млрд кірісті құрап отыр. Енді жылды аяқтау үшін біз ел қазынасына 83 млрд теңге салық кіріс жинауымыз қажет.

Жалпы, шарада кәсіби мерекелеріне орай 35 маман марапатталды.

 

Актолкын Солтанханкызы