Балалар

Жеткіншектерге арналған үйірмелер саны артуда

Қалада балаларға арналған 200-ден астам үйірме жұмыс істейді. Оған 3 мыңға жуық жеткіншек барады екен.

Екі аптадан кейін жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталады. Оқушылардың басым бөлігі мектепке әзірлігін бастап кеткен. Балалардың бірі қалам мен дәптерін түгендеп жатса, екіншілері биыл барғысы келетін үйірмелерді таңдап жүр. Арасында Роман Детлов та бар.

Роман Детлов:

 – Мені бәрінен бұрын вокал үйірмесі қызықтырады. Оған қоса жас велоспортшыларды тәрбиелейтін ұйым да қатты ұнады. Сабақ басталғанда екеуіне де міндетті түрде баратын боламын. Одан кейін қыс мезгілі жақындаған кезде сурет салуды да үйренгім келеді.

Әнші, биші, суретші және спортшы. Қалада балаларға арналған барлығы 233 үйірме бар. Оған 3 мыңнан астам оқушы барады екен. Мамандар биыл үйірмелердің санын тағы толықтыруды жоспарлап отыр.

Марина Мощенко – мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар-жасөспiрiмдер орталығының әдіскері:

 – Балалардың басым бөлігі спорт үйірмелерін таңдайды. Жастардың, әсіресе, волейбол, футбол және күреске деген қызығушылықтары жоғары. Сондықтан, жаңа оқу жылында бала санына қарай спорт үйірмелерін көбейтетін боламыз.

Полицейлер де кәмелеттік жасқа толмағандардың қауіпсіздігін басты назарға алған. Олар ай сайын жастармен кездесіп, түрлі жедел алдын алу іс-шараларын жиі ұйымдастырып тұрады. Мамандар бүгінгі жиында да балаларға түрлі ережелер туралы айтты. Оған қоса жеткіншектерге жасөспірімнің қандай жағдайда есепке алынатыны жайлы түсіндірді.

Зарима Жакина – Петропавл қаласының ПБ ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы:

– Жасөспірім бұзақылық жасап, ішімдік ішкен жағдайда есепке алынады. Оған қоса ата-аналары да есепке алынады.

Айта кетейік, облыс аумағында түрлі жағдайға байланысты 64 жасөспірім есепке алынған. Одан бөлек тағы кәмелеттік жасқа толмаған баласын дұрыс қадағаламаған 64 ата-ана есепте тұр.

Маржан Касымбек