Қоғам

Мемлекеттік көмекке зәру отбасылардың санын анықтау қажет

Бақытты отбасы. Еліміздің бас партиясы биыл осындай жобаны қолға алған болатын. Бастама – аз қамтылған және көпбалалы жанұялардың жағдайы мен тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған. Бүгінде бағдарлама өзінің алғашқы нәтижесін беріп отыр.

Өңірде атқарылып жатқан шаруа барысымен танысу үшін елордадан жетекші партияның жұмыс тобы ат басын бұрды. Меймандар 2 күн бойы Петропавл мен 5 ауданды аралаған. Оның барысында барлығы 56 әлеуметтік маңызы бар нысанға бас сұқты. Солардың 19-ы – білім беру мекемелері. Нұротандықтардың сөзінше, жүктелген міндетті жергілікті мамандар 100 пайызға орындап келеді. Бұл туралы меймандар қорытынды отырыста мәлім етті. Ендігі мақсат – көмекке мұқтаж отбасылардың санын айқындау дейді олар. Себебі, жәрдемдесу үшін алдымен аз қамтылған және көпбалалы жанұялардың тізімін анықтап алу қажет. Бүгінде бұл жұмыс әлі де жүйеленбепті.

Ал атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу бойынша біраз жұмыс атқарылыпты. Нұротандықтар іс-сапарлары барысында аталған мемлекеттік қолдауға қол жеткізген бірқатар отбасымен жүздескен екен.

Ырысты Жұмабекова – “Nur Otan” партиясы жанындағы Балалардың құқығын қорғау республикалық кеңесінің консультанты:

– Біз атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы анамен кездестік. Әйел өте қуанышты. “Мемлекеттен алып отырған көмектің арқасында, балаларым мен менің жағдайым түзелді”,- дейді.

Эльмира Садвокасова