Халық тарих толқынында

Ерлікке тағзым!

Ерлікке тағзым! Жуырда Омбы облысындағы Ленинское селосында Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне арналып ескерткіш орнатылды. Мемориалға 109 жауынгердің есімі жазылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті тұрғындардан бөлек, солтүстікқазақстандықтар мен елордалықтар да қатысты.

Сонымен, ескерткіш жұршылық назарына ұсынылды. Бұл жерде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлер жазылған. Тасқа барлығы 109 жауынгердің есімі қашалыпты. Ескерткіштің салтанатты ашылуына жергілікті тұрғындардан бөлек, солтүстікқазақстандықтар да қатысты. Сондай-ақ, еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтар да аз болған жоқ. Жалпы, мемориалды орнатуға қаржыны жергілікті халық өздері жинаған екен. Әсіресе, селода тұратын кәсіпкердің үлесі зор.

Жұмабай Қожығалымов – “Боевое” ФМБК (Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорын) бөлімшесінің басқарушысы, Омбы облысы, РФ:

– Ең алдымен, жерлестеріме алғыс білдіремін. Себебі, олар ескерткіш орнату туралы бастамаға бірден қолдауларын білдірді. Бұған дейін осындай екі мемориал орнатқан болатынбыз.

Іс-шараға жиылғандар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

– Соғысқа әкем және екі ағам қатысты. Ағаларымның біреуі мүгедек болып оралды. Ал әкем майданнан кейін аз уақыт қана өмір сүрді. Әрине, батырларымыз біздің есімізде мәңгіге сақталған.

– Осындай ескерткіштің орнатылып жатқанына ризамын. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің рухына әрқашан тағзым етуіміз керек.

Айта кетейік, бұл – Омбы облысындағы Ленинское селосында майдангерлерге арналған үшінші мемориал. Олардың екеуі өткен жылы орнатылған екен.

Ешкенова Дана