СҚО-ға оңтүстіктен жыл соңына дейін тағы 40 отбасы қоныс аудармақ

Қоғам

21:03 6 Тамыз 2019

СҚО-ға оңтүстік өңірлерден жыл соңына дейін тағы 40 отбасы қоныс аудармақ. Соның 20-сы Арыс қаласынан келеді. Осыған байланысты кеше теріскейге Түркістан облысынан арнайы делегация келді. Меймандар қоныс аударған отбасылар ең көп тұратын аудандарды аралайды. Жерлестерімен жүздесіп, оларға жасалған жағдай туралы біледі.

Қазақстанның оңтүстік өңірлері республикадағы халық тығыз орналасқан аймақтар болып саналады. Осыған орай тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге орналастыру жұмыстары елімізде 2015 жылдан бастап жүргізілуде. Содан бері түстіктен теріскейге қоныс аударған отбасылардың қатары аз емес. Мәселен, бүгінге дейін біздің облысымызға мыңға жуық жанұя көшіп келген екен.

Дамир Жүнісов – Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары:

– 2019 жылдың 1-шілдесіне Түркістан облысынан 206 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Соның ішінде 22 отбасы – Қостанай, 46 отбасы – Шығыс Қазақстан облысына, 44 отбасы – Павлодар және ең көп 94 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған.

Осы орайда меймандар жерлестерінің хал-жағдайларын біліп, тұратын үйлерін және еңбек етіп жатқан жұмыс орындарын көруге келген. Олар біздің өңірімізде екі күн болып, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын аудандарын араламақ ниетте. Кейін Қостанай және Ақмола облыстарына ат басын бұрады.

Жанабай Ағабеков – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

– Жалпы, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару жұмыстары жылдан-жылға күшейіп келеді. Бүгінгі таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтылды. Өз кәсібімізді ашамыз деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар да ұсынылды. Бұның барлығы – қуантарлық жағдай.

Айта кеткен жөн, биыл біздің өңірімізге оңтүстіктен 94 жанұя көшіп келген. Олардың барлығы М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын аудандарына қоныстандырылыпты. Жыл соңына дейін аталған аудандарға тағы 40 отбасын көшіру жоспарланған. Оның 20-сы Арыс қаласынан келеді екен.

 

 

 

Ешкенова Дана

Бұдан әрі оқыңыз

Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу
Атаулы әлеуметтік көмек жүйесіндегі өзгерістер
Селолық округ әкімі мас күйінде көлікке отырған
Ақжар ауданының әкімі атқарылған істі баян етті
Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Петропавлға келді
“Үздік техникалық жобалар” байқауының облыстық кезеңі өтті
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
“Адал ұрпақ” клубтарының белсенділері бас қосты
«Халық заңгері» атты республикалық акция өтті
Шаһарда заманауи шығармашылық фестивалі өтті
Айыртау ауданының әкімі журналистер алдында есеп берді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар