Спорт

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері самбодан тартысқа түсті

Үздік самбошы анықталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күрестің осы бір түрінен тартысқа түсті. 2 күнге созылған бәсекеге өңіріміздің түпкір-түпкірінен 128 маман қатысты.

Самбо – “самозащита без оружия” сөзінен шыққан. Оның негізі өткен ғасырдың екінші жартысында қаланыпты. Қазіргі күні спорттың осы түрі құқық қорғау органдарының қылмыскерлерді жылдам қолға түсіруге септігін тигізіп келеді. Себебі, самбода қорғану мен шабуыл жасаудың мыңдаған әдісі бар. Бүгінде жергілікті мамандар алаңда сынға түсіп, өзара мықтыны анықтауа.

Галина Скорых – “Динамо” дене шынықтыру және спорт қоғамы облыстық филиалының бас маманы

– Жарыс 57 келі салмақтан бастап, 100 кг-ға дейінгі 8 түрлі категорияда өтіп жатыр. Оған құқық қорғау органдары мен арнайы және күш құрылым қызметкерлері қатысуда.

Екі күнге созылған тартыс қызықты өрбуде. Жарыста 15 құрама бақтарын сынауда.

Бақыт Аманқұлов – СҚО ПД жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы:

– Мен 82 келіге дейінгі салмақта күш сынасамын. Қарсыластарымның арасында осалы жоқ, барлығы мықты. Енді облыстық құрамаға ену үшін барымды саламын.

Нәтижесінде, үшінші орынға 6637 әскери бөлімінің мамандары тұрақтады. Екінші орынды Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілдері иеленс, жедел әрекет ету арнайы жасағының жауынгерлері үздік атанды.

Ал жарыста ерекше көзге түскен самбошылар өңір намысын ІІМ чемпионатында қорғамақ. Ол тамыз айында Қызылордада өтпек.

Актолкын Солтанханкызы