Қоғам

Петропавға әулие мүрдесінің бөлшегі әкелінді

Петропавға әулие Николай Чудотворец мүрдесінің бір бөлшегі әкелінді. Ол өңірде 4-ші тамызға дейін болмақ. Оған дейін дін өкілдері облысымыздың түпкір-түпкірін аралап, проваслав сеніміндегі жандармен кездеспек ниетте. Бүгін осындай шара Мефодия шіркеуінде ұйымдастырылды.

Бұл маңға провослав сеніміндегі жандар жиналған. Олар әулие Николай Чудотворецке сыйынып, көмек сұрай келіпті. Жерлестеріміздің арасында София Матвеевада бар. Нәзікжанды 26 жасында жол көлік апатына ұшыраған екен. Салдарынан төсек тартып қалады. Дегенмен азаматшаның сағы сынбайды. Ол үнемі құдайға жалбарынып, өзіне және жақындарына амандық сұраған.

София Матвеева, қала тұрғыны:

 – Шіркеуге әулие мүрдесінің бөлігі әкелгеннен бері күнде келіп жүрмін. Осында акафист оқимын. Мұндағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, сен бір сәтке болсын Николай Чудотворецке жақындай түскендейсің. Оның саған әрдайым жәрдем беріп, қиын сәтте жалғыз қалдырмайтынына сенімді боласын.

Николай Чудотворец мүрдесінің бөлшегі біздің өңірге екіші рет әкелініп отыр. Алғаш рет осыдан 10 жыл бұрын болыпты. Онда да халық көп жиналып, дұға-тілектерін жасапты. Бүгін де солай болды. Олар әулиенің көмектесеріне кәміл сенеді.

Максим Черненко, әулие Мефодия шіркеуінің иерейі:

– Қазіргі уақытта әулие Николайдың мүрдесі Италияның Бори қаласында сақтаулы тұр. Міне, сол жақтан бізге әкелінді. Бұл провослав сеніміндегі жандар үшін үлкен мереке. Мұнда тұрғындар сиынып, мұң-мұқтажымен бөлісе алады. Аңыздарға сүйенсек, кезінде Николай Чудотворец адамдарға көмек қолын созған, барын аямаған жан болыпты.

Айта кеткен жөн, Петропавлға әулие мүрдесінің ТМД елдеріндегі ең үлкен бөлшегі әкелінген. Ол 4-ші тамызға дейін қаламызда болмақ.

– Бұл ерекше сезім. Әулиеден отбасымның амандығын сұрадым. Үнемі қолдап, қорғап жүрсе екен деймін.

– Көңіл-күйім жақсы. Николай Чудотворец өзіне сиынған адамды әрдайым жебеп жүреді. Ол адамның діні маңызды емес, бастысы сенім деп санайды.

Актолкын Солтанханкызы