Құқық қорғау органдары

Ауланың тазалығына мән берген жөн

Қаланың тазалығы тәртіп сақшыларының назарында! Жергілікті полицейлер әр маусым сайын шаһарда абаттандыру ережелерінің сақталуына қатысты рейд ұйымдастырып тұрады. Мұның нәтижесінде мамандар жыл басынан бері 2200-ден аса құқық бұзушылық фактісін анықтапты.

Уақытылы шабылмаған шөп, лас суды төгу мен қоқыстар. Аталған құқық бұзушылықтардың барлығы ауланы абаттандыру ережелеріне сай келмейді. Мұны жергілікті тәртіп сақшылары жіті тексереді. Мысалы, жыл басынан бері полицейлер әкімдік өкілдерімен бірлесіп, 40-тан аса рейд жұмыстарын жүргізіпті.

Мырзагелді Иманбаев – Петропавл қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Қаланы абаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы кодексінің 505 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Ескерту немесе әкімшілік айыппұл салынады.

Тағы, қаладағы дүкендер мен кәсіпорындардың сырт келбеті де назарда екендігін айта кеткен жөн. Оған қоса енді мекеменің алдындағы қоқыс жәшігінің бар-жоғы және ескі маңдайшалар да тексерілетін болады.

– Благоустройство города. Надо покрасить. Позвоните хозяину. – Ее нету. – А когда будет? – Завтра только будет.

Сөз соңында тәртіп сақшыларының мәліметіне кезек берейік. Мамандар жыл басынан бері қаламызда 2200-ден аса абаттандыру ережелерінің сақталмағандығын анықтапты. Яғни, осыншама құқық бұзушылық фактісін тіркеген. Нәтижесінде 80 тұлғаға айыппұл салыныпты. Ал қалған жандарға ескерту жасалған екен.

Актолкын Солтанханкызы