Білікті мамандар жас полицейлерге түсіндіру шарасын өткізді

Құқық қорғау органдары

9:15 29 Шілде 2019

Төтенше жағдай кезінде қандай киім кию керек? Суға батып бара жатқан адамды қалай құтқарасыз? Бұл туралы білікті мамандар жас қызметкерлерге әңгімеледі. Түсіндіру шарасына ондаған тәртіп сақшысы қатысып, өздеріне аса қажет ақпарат алды.

– Считанные 6 минут, которые отводятся на спасение человека. Если в течение 6 минут вы его не достали, не привели в чувство, то в дальнейшем, без каких-либо последствий, просто невозможно его откачать – все равно будут какие-то отклонения.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары дәл осылай оңдаған адамды өлім аузынан құтқарып қалыпты. Оқыс оқиға кезінде полицейлер арнайы жилет және дөңгелектерді қолданады. Ал өртте брезент жапқышты киеді. Сонда маманның өміріне қауіп төнбейді екен. Мұны білікті қызметкерлер жас ізбасарларына түсіндіріп жатыр.

Асхат Жомартов – СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы:

 – Бүгінгі таңда Полиция департаментінің патрульдік полиция бөлімдері автокөліктермен, суда құтқару құралдарымен жабдықталған. Сабақтың мақсаты – жастарға осы құралдарды дұрыс пайдалануды үйрету.

Мамандар суға батып бара жатқан тұрғынды құтқару кезінде мынандай ережене ескеру қажет дейді. Кез-келген жан тұншыққан адамның арт жағынан жүзіп бару керек екен. Себебі, бойын қорқыныш билеген азамат құтқарушыға қарсы келіп, байқаусызда дене жарақатын салуы мүмкін.

Алмат Тәңірбергенов – СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы:

– Адамды құтқару кезінде барлығы да маңызды. Осында барлық ережелерлі үйреніп, жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Мамандар шара соңында жиналғандарға адам құтқарған кезде жеке бастың қауіпсіздігін де естен шағармауды жіті түсіндірді.

Актолкын Солтанханкызы

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда көлік басқарған ер адам 2 әйел мен 3 жасар қызды қағып кетті
Полицейлер балаларға жолда жүру ережелерін түсіндірді
Жыл басынан 26 интернет-алаяқтық фактісі әшкереленді
Парамен ұсталған шалақындық полицейге қатысты үкім шықты
Тәртіп сақшылары автобустарды тексеруде
Көліктік бақылау инспекция маманы парамен ұсталды
Электросамокатты пайдалану ережелері
59 тонна бидай ұрланған
Жазасын шартты түрде өтеп жүрген көпбалалы жандарға көмек көрсетілді
Тайынша ауданындағы төбелес
Құтқарушылар рейдтік шараларды жиілетті
Петропавлда жол-көлік оқиғасы болды