МТРА жаңалықтары

“Жарнамаға қанша қаласаң, сонша төле” акциясы жалғасады

Сапалы жарнама сіз ұсынған бағамен. Шілденің бірі Муниципалдық телеарна “Жарнамаға қанша қаласаң, сонша төле” акциясын бастаған болатын. Мұндағы мақсат – теріскейлік бизнесмендерге өз тауарларын немесе қызметтерін жариялауда қолдау көрсету. Осы орайда, кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға.

Әдемі ғимарат, түрлі бутиктер, дәмханалар мен дүкендер. “KVARTAL” сауда орталығы жұмысын жуырда ғана бастады. Мұнда кеңселер де жалға беріледі, жақында қонақ үй ашылмақ. Ал меймандар мен сатып алушыларды көптеп тарту үшін, әрине, сапалы жарнама керек.

Андрей Чамкин – “KVARTAL” сауда орталығының коммерциялық директоры:

– Біздің орталық ірі. Сондықтан жарнамаға көп қаржы жұмсаймыз. Көбіне әлеуметтік желілер мен интернет сайттардың көмегіне жүгінеміз. Тағы қала бойынша баннерлер мен билбордтар ілеміз.

“Бірақ телевизиядағы қысқа бейнероликтердің мүмкіндіктері де орасан”,- дейді орталық директоры Андрей Чамкин. Муниципалдық телеарна өткізіп жатқан акция оны бей жай қалдырмаған. Кәсіпкер
жарнамаға қанша қаласаң сонша төлеу мүмкіндігін пайдаланыпты. Бүгінде оның бейнеролигі біздің арнаның эфирінде.

Андрей Чамкин – “KVARTAL” сауда орталығының коммерциялық директоры:

– Ұсыныс өте тиімді. Себебі, жарнаманың сапасы керемет, ал құны арзан. 15 секундтық бейнеролик үшін 200 мың теңге төледік. Тележарнама үшін бұл керемет баға. Телеарнаның аудиториясы да ауқымды. Жұмысты көпшілік көреді. Ролик эфирде жарты ай айналатын болады. Арнаға үлкен рахмет!

“Жарнамаға қанша қаласаң сонша төле” акциясына арнамыз шілденің бірі бастау берген еді. Жергілікті бизнесмендердің өз тауарлары не қызметтерін жұртшылыққа жариялау мүмкіндігі әлі бар.

Инна Мокрушина – МТРА жарнама бөлімінің басшысы:

– Теріскейлік іскер азаматтардың ісін ілгерілетуге көмектесу – бұл акция мақсаты. Шара арқылы солтүстікқазақстандық шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді көздеп отырмыз. Бизнесмендерге бұл бастама ұнаған сыңайлы, өйткені ниет білдіріп жатқандар көп.

Сондықтан арна акцияны тағы бір айға ұзартып отыр. Арзан әрі тиімді жарнамаға тапсырыс беру үшін қыркүйектің біріне дейін уақыт бар. Толығырақ ақпаратты 46-13-70 нөміріне хабарласып немесе Васильев көшесі, 69 мекенжайындағы арна редакциясына келіп, білуге болады.

 

 

Саят Ермек