Құқық қорғау органдары

Ювеналдық полицейлер рейд ұйымдастырды

Қазір жазғы демалыс. Алайда, кей кәмелетке толмағандар бұны өздерінше түсінеді. Түңгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз демалыс орындарын аралайды. Кейбірі ішімдік ішіп, құқықбұзушылыққа барады. Сондықтан, өңірдің ювеналдық полицейлері рейд шараларын күшейткен. Олар клуб, ойын-сауық орталықтарын аралап, 18 жасқа толмаған жастарды анықтауда.

Дәмханалар, компютерлік клубтар. Бұл жасөспірімдердің көп шоғырланатын орындары. Дәл осы жерлерге ұл-қыздардан бөлек, әр демалыс күндері тәртіп сақшылары бастаған топ та бас сұғады. Олар жастармен тілдеседі, құжаттарын тексереді.

Жақина Зарема – Петроп қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы:

– Бүгін Петропавл қаласында жасөспірімдердің түңгі уақытта ойын-сауық орталықтарында болу фактілерін анықтау үшін рейд өткізудеміз. Шараға білім беру, денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты.

2 күн ішінде 13 бірдей әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Осыған нақтырақ тоқталсақ. 1 ішімдік ішкен жасөспірім анықталды. Ол масаң күйде қоғамдық орындарды аралапты. Ал, қалған кәмелет жасына толмаған жастар түңгі уақытта үлкендерсіз жүрген. Осы үшін балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.

Анна Радишевская – Петропавл қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы:

– 18-ге толмағандар 22:00-ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдердің қарауынсыз жүрген жағдайда, баланың әке-шеше­сіне ҚР ӘК 442 бабы 1 тармағына сәйкес хаттама толтырылады. Ата-анаға 3 айлық есептік көрсет­кіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, жасөспірім болған демалыс орнының басшысына 132 бабқа сәйкес іс қозғалады.

Тағы, түнделетіп шаһар кезіп жүргендердің ата-анасына ескерту жасалынады екен. Егер де құқықбұзушылық бір жыл ішінде тағы қайталанса, заңды өкілдеріне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттеледі.

 

Эльмира Садвокасова