Құқық қорғау органдары

Жолда жүру ережесін сақтайық

Электрсамокат иелерінің құлағына алтын сырға! Заманауи көлік түрін тізгіндеген жандар ережені қатаң ескеруі тиіс. Олар тасымал құралын 16 жастан басқарулары міндетті. Тағы, қараңғыда шам жағып, жолдың оң жақ қапталымен ғана жүрулері керек.

 – Несовершеннолетним продаете это? – Нет, такими вещами не интересуются несовершеннолетние. Этот товар – недешевый.

Автомобиль, скутер, мотоцикл. Бұларды адамдар күнделікті пайдаланып, әрлі-берлі қатынайды. Соңғы жылдары тасымал құралдарының қатарына тағы біреуі қосылды. Ол – электрсамокат. Өте қарапайым көлік. Бірақ, онымен абайлап жүру қажет. Міне, осыны полицейлер сатушыларға да, жүргізушілерге де түсіндіріп, жол апатының алдын-алу шараларын өткізуде.

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

 – Электрсамокат – «мопед» категориясына жататынын көлік. Оның жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспайды.

Электрсамокатты кімдер басқара алады? Заң бойынша бұл көлік түрін 16 жасқа толған тұлға жүргізеді алады екен. Ол үшін куәлік қажет емес. Бірақ, тұрғын веложолақ арқылы ғана қозғалуы тиісті. Ондай мүмкіндік жасалмаса, жолдың оң жақ қапталымен жүруі міндетті.

Қараңғы кезде мопедтің шамын қосу қажет. Мұндай ережелер ескерілмесе тізгіндегі адамға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.