Ауа райы

Қаланы қалың тұман басты

Тұман ба әлде тұмша ма? Дәл осы сұрақтың жауабын солтүстікқазақстандықтар таң атқаннан бері анықтай алмай жатыр. Себебі, мұнардың өзіндік жағымсыз иісі бар. Бір қызығы мұндай құбылыс біздің өлкемізден бөлек, Ресейдің көршілес орналасқан облыстарында да байқалыпты.

Маржан Қасымбек:

– Таңертең Петропавлды қалың тұман басты. Оны қала тұрғындары байқаған да шығар. Бірақ қазір көзге аса көрінбейді. Бір қызығы бұл мұнардың белгісіз иісі бардай. Оны мен ғана сезіп тұрмын ба? Әлде шаһарлықтар да сезеді ме екен? Жауабын өздерінен сұрап көрейін.

Қазақстан Конституциясына шығып біраз тұрғынмен тілдестік. Олардың барлығы тұманды байқапты. Жағымсыз иісті де сезген екен.

– Таңертеңнен бері қалада осындай түтін. Түтіннің иісі бар секілді.

 – Бүгін тұман бар сияқты. Газдың иісі сияқты иіс бар.

– Бүгін өте тұманды. Ауа райы кішкене суық. Желде бар секілді. Иісі кішкене бар.

Бұл мұнар, жағымсыз иіс қайдан келді? Біз мұны білу үшін таң атқалы бірнеше мекемеге хабарластық, мән-жайды анықтауға тырыстық. Бірақ, еш жерден мардымды жауап ала алмадық. Тек синоптиктер ауа райының күрт төмендегенінен тұман түскенін мәлімдеді. Бір қызығы дәл осындай табиғи құбылыс пен иіс Ресейдің Омбы және Новосібір облыстарында да байқалыпты. Ол жайлы адамдар әлеуметтік желілерде жарысы жазып жатыр.

Маржан Касымбек