Құқық қорғау органдары

Өңірде 1277 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді

Өңірде 1277 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Олардың көмегімен жыл басынан бері облыс орталығында 60-тан аса қылмыстың беті ашылыпты. Тағы, 8 мың әкімшілік бұзушылық фактісі тіркелген.

– Камеры подключены к Центру оперативного управления через удаленный доступ. Это камеры, установленные в сфере здравоохранения, социальной сфере, развлекательных учреждениях, в школах, в домах культуры. 

Бұл – қалалық полиция басқармасына қарасты жедел басқару орталығы. Мұнда 9 адам тәулік бойы кезекшілік атқарады. Яғни, операторлар, бақылау инспекторлары мен навигаторлар еңбек етеді. Оларға 24 сағат ішінде орта есеппен алғанда 150 қоңырау түседі. Ал демалыс күндері бұл көрсеткіш 300-ден асады екен. Тағы, осындағы мамандар бейнекамералар арқылы қала көшелеріндегі тәртіп пен облыс аумағындағы жол қозғалысын қадағалап отырады.

Қуандық Ысқақов – қалалық ПБ жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:

– Көшелер мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды пайдалану мен Петропавл қаласының жедел басқару орталығының аумақтық бөлімдерінің, кезекші бөлімдерінің есептік кезеңде 8045 әкімшілік құқық бұзушылықтар және 559 қылмыстар тіркелді. Кезекші тәулікте Петропавл қаласы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау күн сайын 150 полиция қызметкері, 20 жаяу жүргінші патруль және 24 автопатруль түседі.

Сондай-ақ, Солнечный, Новопавловка, Заречный және Мичурин кенттерінде күн сайын 8 атты патруль қызмет атқарады. Жалпы, бүгінгі күні облысымызда 1277 камера жұмыс істейді. Құрылғылардың көмегімен жыл басынан бері жедел басқару орталығының қызметкерлері 62 қылмыстың бетін ашқан. Тағы, 8 мың әкімшілік тәртіп бұзушылық фактісін тіркепті.

Дана  Ешкенова