Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа салынған жолдар сыналуда

Өңірде жаңа салынған жолдар сыналуда. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы кәсіпорынының мамандары теріскейдегі трассаларға бақылау жасап жатыр. Олар бүгін “Челябі-Новосібір” бағындағы жолда болып, сынап алды.

Бұл арнайы құралдың көмегімен мамандар жолдағы асфальт-бетон жабындысының белгіленген талаптарға сай не сай еместігін анықтауда. Алдымен үлгі алынады. Кейін оның қалыңдығы өлшенеді. Мәселен, мына сынамада ол 5 см құрайды. Бұл – норма. Осы сынды жұмыс жолдың әр 1 шақырымда 3 реттен жасалады. Қазір тексеру шаралары Челябі-Новосібір трассасында жүргізілуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары мұнда 2017 жыл басталған болатын. Мердігер “К-Дорстрой” компаниясының өкілдері сапаға жіті көңіл бөлеміз дейді.

Татьяна Воистинова, «К-Дорстрой» АҚ СҚОФ зертхана басшысы:

– Компания тындырылған жұмыстардың сапасын ұдайы бақылап отырады. Алдымен құрылыс материалдары қаралады. Яғни топырақ пен қиыршық тастарға зерттеу жүргіземіз. Мұнымен іс тоқтап қалмайды. Кейін, асфальт бетон жабындысының қалыңдығы мен сапасы арнайы құрылғы арқылы тексеріледі.

Тексерісті жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы арнайы автокөліктің көмегімен жүргізеді. Асфальт жабындысының әр сынамасы «KazRoadLab» зертханасына жіберіледі. Ол жерде оның сапасы қаралады, ал нәтижелер 1-2 күн ішінде дайын болады. Егер қандай да бір ақау не нормадан ауытқушылық байқалса, мердігерге және тапсырыс берушіге хат жолданады.

Марат Дарбаев, «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК СҚФ директоры:

– Мекеме республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға зерттеулер жүргізеді. Қондырғыларымыз жаңа. Барлығы заманауи. Жолдың сапасы бір рет емес, бірнеше жыл бойы жүйелі түрде тексерістен өтіп отырады. Осының арқасында жолдың сол аймақтың климаты мен табиғатына шыдамдылығын сынаймыз.

Бұл жұмыстармен бұрындары “ҚазжолҒЗИ” айналысқан болса енді, «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» кәсіпорнының қарамағына өткен.

Актолкын Солтанханкызы