Денсаулық сақтау

Өңірде ресейлік ақхалаттылар қабылдау өткізеді

Мойын омыртқасы, арқа және буын ауруларынан арылуға “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Ресейлік ақхалаттылар кезекті мәрте Петропавлға келіп, шілденің 18-і мен 23-і аралығында қабылдау өткізбекші.

Бұрындары Людмила Чванованың мойыны мен арқасы ауырыпты. Осының салдарынан нәзік жанды қарапайым үй шаруасымен де айналыса алмай қалған екен. Дерті шыдатпағасын түрлі жақпаларды қолданып, халық емдеріне сүйенеді. Бірақ, нәтиже болмайды. Кейін, ол «Атлант» орталығының мамандарына жүгінеді. Ресейлік дәрігерлер тың әдістің көмегімен жерлесімізді емдеп, жағдайын жақсартады.

Людмила Чванова, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Менің басым қатты ауыратын. Оған қоса мойным да шыдатпайтын. Сондықтан, тамақ пісірген кезде басымды төмен түсіруге тура келетін еді. Салдарынан кеуде тұсым да ауыратын, белім де мазалай бастады. Кейін, дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Мойын омыртқасының ауруы көбінесе туа біткен жарақат салдарынан туындайтын көрінеді. Ал ауырсыну сезімдері кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін. Қазіргі күні орталыққа бір жастан 80-ге дейінгі тұрғындар ем-дом ала алады екен. “Ақхалаттылардың кеңесіне ертерек жүгінген жөн”- дейді ресейлік мамандар.

Владимир Бочановский, – “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Соңғы 3 жылдың ішінде «Атлант» орталығының мамандары қазақстандық және ресейлік мыңдаған азаматқа қол ұшын созыпты. Білікті дәрігерлер кезекті қабылдауларын шілденің 18-і мен 23-і аралығында Петропавлдағы “Панацея” медициналық орталығында өткізеді. Ақхалатты жандарға қаралу үшін 63-21-72 телефон нөмірі арқылы жазылу қажет.

Актолкын Солтанханкызы