Тұлға

СҚО Құрметті азаматы Анатолий Спицин көз жұмды

Шілденің 13-і күні Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, профессор, экономика ғылымдарының докторы, Анатолий Спицин 91 жасында дүниеден өтті. Азамат өңірімізде 20 жыл жұмыс істеп, өлкеміздің дамуына сүбелі үлес қосты. Мысалы, аймақты сумен қамту, электрмен жабдықтау және құрылыс саласында түрлі жобалардың жүзеге асуына еңбек сіңірді. Әріптестерім Анатолий Тихоновичтің әріптестері, үзеңгілес достарымен кездесіп, ескерміс естеліктерді таңдап қайтты.

Анатолий Спицин – Ресейдің тумасы. Қазақ жеріне өткен ғасырдың 60-шы жылдары қоныс аударыпты. Жастық шағын теріскейде өткізіп, еңбек жолын да осында бастаған. Сондықтан болар аққайыңдар өлкесін екінші Отанындай көрген екен. 20 жыл бойы азамат өңірдің дамуына аянбай үлес қосқан.

Александр Липовой – Петропавл қаласының құрметті азаматы:

– Анатолий Спицинмен алғаш рет көріскен сәтім әлі есімде. Ол кезде мен қалалық атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істейтінмін. Міне, содан бастап талай қызықты бірге өткіздік. Анатолий Спицин өңір экономикасын дамытатын бірталай ірі жобалардың іске асуына үлес етті. Мәселен, өлкемізді сумен және жарықпен қамтамасыз етуде еңбектенді.

Анатолий Спицин – көптеген кітаптардың авторы. Ол Қазақстан мен Ресейдің достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға еңбек сіңірген жан.

Александр Липовой – Петропавл қаласының құрметті азаматы:

– Анатолий Спицин келген сайын өзінің жаңа кітаптарын сыйға беруші еді. Туындылар түрлі тақырыпта жазылатын. Оларды әлі күнге дейін көзімнің қарашығындай сақтап жүрмін. Өйткені, бұл – әріптесімнен қалған жәдігер.

Анатолиий Спицинге 2010 жылы жергілікті университеттің құрметті профессоры атағы берілді. Себебі, азамат өңірімізде жұмыс істеп жүрген жылдары оқу ордасының 4-ші корпусының ашылуына үлес қосыпты. Сондай-ақ студенттердің көршілес елде тәжірибе алмасуына жағдай жасаған. Өзі де жастармен жиі кездесу және семинарлар өткізіп тұрған екен.

Зинаида Табакова – профессор, филология ғылымдарының докторы, СҚО құрметті азаматы:

–  Анатолий Тихонович – өте білікті жан еді. Оны университке және студенттерге деген сүйіспеншілігі мол болатын. Әр келген кезде қызықты ақпараттармен бөлісетін. Оның семинар-лекциясын тыңдауға оқу орнының магистрлары және профессорлары келетін.

Анатолий Спицин 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Оған қоса өзінің жеке 12 монографиясын жариялаған. Ғалымның жетекшілігімен 15 докторлық және 42 кандидаттық диссертация қорғалған.

Маржан Касымбек