Қоғам

Облыстық сот жүйесі жарты жылдың жұмысын қорытындылады

Облыстық сотта ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы шығарылды. Осы уақыт ішінде өткен жылға қарағанда 2 есе аз іс түсіпті. Бұл өңірде құқық бұзушылық санының азайғанын көрсетеді дейді сот қызметкерлері.

Жыл басынан бері соттармен аяқталған қылмыстық істердің саны екі есеге қысқарған. Ал ақтау үкімдерінің саны керісінше артқан. Егер 2018 жылда тек бір адам ғана ақталса, ағымдағы жылдың жарты жылдығында алты адам кінәсіз деп табылды. Тек, аса ауыр қылмыстары үшін сотталғандардың саны өзгеріссіз.

Владимир Кириленко – СҚО сотының қылымыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Аппеляцияның судьялары қылмыстық істерді мұқият зерттей бастады. Осыған байланысты ең ұсақ заң бұзушылықтар да қаралатын болды. Аппеляция бойынша сот төрелігін жүргізу сапасы 6 есе жақсарды деуге болады. Егер Конституциялық инстанция соты өткен жылы 12 адамға қатысты сот актілерін өзгерткен болса, онда осы жылы тек 2 адам ғана, оның біреуі тіпті аппеляцияға түспеген.

Азаматтық істерге келер болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда, 6 ай ішінде олар 18%-ға аз қарастырылды. Ал әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты жағдай басқаша. Олардың саны 3%-ға артқан екен.

Айдар Смағұлов – СҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Жалпы, жұмыстың барлық көрсеткіштері бойынша облыс соттары қанағаттанарлық деңгейде жұмыс істеді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды. Біз жоғарғы сотта қайта қаралған актілерінің саны бойынша шешім шығарамыз.

Жалпы, жарты жылдың ішінде 2 есе аз іс түскен. Бұл өңірде құқық бұзушылық саны азайғанын білдіреді. Сондай-ақ, екі тараптар жиі татуласа бастады. Бірақ, бұл қылмыстық істер бойынша және аса ауыр қылмыстар жасағандарға қатысты емес.