Құқық қорғау органдары

Айыппұл төлемегендер оңай анықталады

Айыппұл төлеуден жалтарған теріскейліктер оңай анықталады. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 10 рет “Борышкер” шарасын өткізіп, берешегі бар теріскейліктерге 6 мың СМС-хабарламасын жіберген.

Жылдам, ыңғайлы әрі нақты. Тәртіп сақшылары “Дорожный пристав” бағдарламалық-аппараттық кешені арқылы айыппұлы бар азаматтарды бірден анықтай алады. Яғни, көлік иесі берешегі бар болып тұрып, камералар орналасқан аумаққа өткен кезде компьютерлік бағдарлама оның жеке мәліметтерін көрсетеді.

– За данным автобусом имеется нарушение за выброс мусора от 21 мая. Срок оплаты истек, по сокращенному производству. Общая сумма – 5 тысяч 50 тенге. Материал уже находится у судебных исполнителей, поэтому машину уже можем поставить на спецстоянку.

Жалпы, жыл басынан бері 74 мың құқық бұзушылық анықталып, 274 млн 964 мың теңге айыппұл салынған. Осы ретте тәртіп сақшылары айыппұлы бар адамның шетелге шыға алмайтынын ескертеді.

Қайрат Сейітқұлов – Петропавл қалалық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы:

– Қазіргі уақытта азаматтар egov электрондық порталының көмегімен online режимінде айыппұлдарын төлеуге мүмкіндіктері бар. Облыс орталығындағы ірі супермаркеттерде азаматтар ЖСН бойынша өздерінің әкімшілік айыппұлдарын тексере алатын терминалдар орнатылған.

Одан бөлек тәртіп сақшылары тұрғындарға берешегі туралы СМС арқылы хабар беретін көрінеді. Жыл басынан бері теріскейліктерге 6 мың хабарлама жөнелтілген екен. Жалпы, бірінші жартыжылдықта әкімшілік полиция қызметкерлері “Борышкер” шарасын 10 рет өткізген. Бұл бағыттағы жұмыс әлі жалғасын табады.

Маржан Касымбек