Құқық қорғау органдары

Іздеуде жүрген 22 өңір тұрғыны анықталды

Іздеуде жүрген 22 өңір тұрғыны анықталды. Олардың 8-і алимент төлеуден жалтарып жүргендер болса, тағы 8-і – қарыздарын өтемегендер. Тағы араларында туған-туысқандарынан қол үзіп қалған 6 тұлға бар. Бұл – көші-қон қызметі басқармасының мамандары ұйымдастырған акцияның алғашқы нәтижелері. Шара 9-ші шілдеде бастау алған.

117 тұлғаға қатысты іздеу шарасы. Акция басталысымен облыс полицейлері дәл осыншама адамның ізіне түсіпті. Олардың 28-і уақытында алимент төлемесе, 60-ы қарыздарын өтемей жүр екен. Қалған 29-ы туысқандарынан қол үзіп қалған. Осылайша, полиция департаментінің есебіне алыныпты.

Роза Жүкенова – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

– СҚ аумағында шілде айынан 9-нан 11-і аралығында акция өтуде. Акция барысында екі күн ішінде іздеуде жүрген 16 борышкер анықталды. Оның ішінде көрші мемлекеттен табылғандары да бар.

Рейдтік шаралар барысында көші-қон қызметінің мамандары түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Барлық қажетті ақпаратпен қамтып, жауапты қызметкерлердің байланыс телефондарын да береді. Тағы борышкерлерге қарызды уақытында төлеу керектігін еске салады. Әйтпеген жағдайда, олар ҚР шекарасынан аса алмайды.

– Знали ли вы что находитесь в розыске? 

– Нет, не знал. Вчера сотрудники полиции пришли и сказали, что у меня есть долг по алиментам.

Акция басталғаннан бері облыс полицейлері іздеу салынған 22 адамды тапқан екен. Олардың 8-і алимент төлеуден жалтарып жүргендер болса, тағы 8-і – қарыздарын өтемегендер. Тағы туған-туысқандарынан қол үзіп қалған 6 тұлғаның мекен жайы анықталыпты. Көші-қон қызметі басқармасының мамандары мұндай шараларды үш айда бір рет ұйымдастырып тұрады.

Эльмира Садвокасова