Спорт

Қала күніне орай спорттық іс-шара өтті

Бақытты қала. Осындай атаумен 2 күн бойы өткен спорттық шара бүгін мәресіне жетті. 22 клубтың тәрбиеленушілері спорттың 5 түрінен сынға түскен.

Бұл жерде түрлі клуб мүшелері тоғыз құмалақ пен шахмат ойнауға дайындық үстінде. «Юность» ұжымының атынан келіп отырған Адина Айдарбек те аталған спорт түрлерінен өз бағын сынап көрмек.

Адина Айдарбек , «Юность» балалар мен жасөспірімдер клубының мүшесі: 

–  Негізінен, мен тоғыз құмалақ пен шахматтты жақсы ойнаймын, сол себепті 2-уіне де жазылдым. 00:12 Тоғықұмалақ ол біздің ұлттық спорт түріне жатады, сол себепті бағымды сынап көрмек болып шештім.

Ал бұл жерде қалаған қатысушы қол күрестіріп, 8 келілік гірді көтеруден күштерін сынай алады. Бәсекелестердің арасында соңғы аталған спорт түрінен өткен дүбірлі жарыстарда жүлделі орын алып жүрген жерлесіміз де бар.

Валентин Федоровский, гір көтеруден Еуропа чемпионатының жүлдегері: 

–  Жуырда Парижге барып, Еуропа чемпионатына қатысып қайттым. Бұл сайыста мен 24 келілік гірді 154 рет көтеріп, күміс жүлдеге ие болдым. 1-ші орынды гірді 164 рет басынан асыра көтерген Ресейдің спортшысы алды. Үштікті Латвия тумасы тұйықтады.

Мына тұста футбол ойыны басталып кетті. Екі күн бойы өтіп жатқан тартысқа жалпы саны – 14 құрама екі жас категориясында қатысуда. Бүгін – жарыстың шешуші кездесулері. Алаңда 10-11 жастағы балалардан құралған «Юность» пен «Достық» құрамалары бақ таластыруда.

Дмитрий Скрябин, “Юность” командасының мүшесі:

– Есеп 2:2-мен аяқталды. Бүгінгі ойында жақсы нәтиже көрсеттік деп айта алмаймын. Себебі, қобалжу басым болды. Әрі әлсіз соққылар бағыттап, өз мүмкіндігімізді дұрыс пайдалана алмадық.

5 спорт түрінен үздік атанған қатысушыларға тиісті жүлделер беріліп, фуболдан жеңімпаз атанған құрамаға қала әкімінің кубогы табысталмақ.
Спорттық шара шағын флешмоб және өнерлі жастардың биімен жалғасты.

Актолкын Солтанханкызы