Балалар

Уақыт капсуласы жасалды

Петропавлда бүгін уақыт капсуласы жасалды. “2049 жылы ашылсын” деген жазуы бар дүниеге өз тілектерін қалдыру үшін 30 дарынды ұл-қыз шақыртылған.

Капсула нағыз болаттан жасалған. Ендеше аптап ыстыққа да, солтүстіктің қаһарлы аязына да төтеп береді. Бір күнде дайын болған дүниеге “2049 жылы ашылсын” деген жазуды нақыштау ғана қалды.

Капсула толығымен дайын. Енді оның ішіне ертең жергілікті жастар өздерінің тілектері мен қаланы көркейтуге бағытталған жобаларын салады. Кейін капсуланы 2049 жылы ашуды жоспарлап отыр.

Бақытжан Тұрсын, “Ұлттық мұра” пікірсайыс орталығының төрағасы:

– Капсуланың ішінде облысымыздың, қала мен республикамыздың дамуы үшін. Жалпы оның өркендеуі үшін белгілі бір тілектер, ойлар мен пікірлер жазылатын болады. Қаламыздың тұрғындарынан бөлек, ол акцияға кішкентай бүлдіршіндер де қатысып өздерінің тілектерін жазатын болады. Бұл менің ойымша өте маңызды себебі 30 жылдан кейін сол ойлар мен жосапарлардың кейбіреуі жүзеге асуы мүмкін.

Уақыт капсуласы 30 жыл бойы облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залында сақталады.

 

 

Актолкын Солтанханкызы