Балалар

Тиімді екіжақты келісім

Экологиялық таза әрі пайдалы өнім. Оқушылар сарайы мен қалалық мейрамханалардың бірінің арасында / екіжақты тиімді келісім жасалды. Енді білім ордасындағы гидропоника зертханасында өсірілетін тилЯпия балықтары  қоғамдық тамақтану орнына жеткізілетін болады.

Бұл – Оқушылар сарайындағы гидропоника кабинеті. Мұнда мысырлық Ніл тилЯпия балығы мен түрлі өсімдіктер өсіріледі. Аталған орындағы шаруаны осында білім теріп жүрген шәкірттер атқарады. Қазіргі таңда бұл кабинетте орналасқан 3 бассейнде 750 балық бар.

Лариса Воробьёва, Оқушылар сарайы ғылыми-биология бөлімінің меңгерушісі:

– Ніл тилЯпия балығы осындай жабық су қондырғыларында өсіріледі. Салмағы небәрі 3 грамм болған шабақтар 6 айдың көлемінде жетіліп, қазір 300 грамм тартады.

Бүгін Оқушылар сарайы мен қалалық мейрамханалардың бірінің арасында меморандумға қол қойылды. Келісім бойынша осы зертханада өсірілетін балықтар қоғамдық тамақтану орнына жеткізілетін болады.

Нұрзия Майлина – Оқушылар сарайы директорының орынбасары:

– Бүгін оқушылар сарайындағы гидропоника сыныбында маңызды шешім қабылданып жатыр. Білім орнында тәлім алып жатқан балалар зерттеу мақсатында экологиялық таза Ніл Тиляпия балығын өсіреді. Бұған қаладағы мейрамханалардың бірі қызығушылық танытты. Олар балықтарды бізден сатып алып, өздерінде ас әзірлеу барысында пайдаланатын болады.

Жалпы, бұндай бастамалар балаларға кәсіпкерліктің де қыр-сырын білуге септеспек.