МТРА жаңалықтары

POS-терминалдардың тиімділігі

POS-терминалдар мен интернет арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау қазіргі уақытта қолайлы. Бұл жаңашылдық қарапайым халыққа ғана емес, сон-дай-ақ кәсіпкерлерге де тиімді. Алайда, іскер жандардың барлығы бірдей өз жұмыстарында POS-терминалдарды қолдана бермейді.

Қазіргі таңда солтүстікқазақстандықтар күнделікті өмірде қолма-қол ақшаны қолданудан бас тартып, банк картасы мен интернет-банкинг жүйесінің қызметіне кеңінен жүгінуде.

Бұл дүкеннің сатып алушылары көбінесе POS-терминалды қолданады екен.
Қолайлы әрі жылдам бұл инновация қарапайым халыққа ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге де ыңғайлы. Алайда, іскер жандардың барлығы бірдей өз жұмыстарында POS-терминалдарды қолдана бермейді екен. Ал заң жүзінде оны орнатуға міндетті.

Жаңыл Қабдөшева – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы:

– Заңның 39-бабы 4-тармағына сәйкес жеке қызмет түрлерін жүзеге асыратын және ҚР Салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысу тәртібін қолданатын жеке кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлемдерді қабылдау үшін POS-терминалды орнатып және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл талаптар көбінесе өз қызметін облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда жүргізетін кәсіпкерлерге қатысты. Бұл талап ауылдағы шағын және орта бизнес өкілдеріне қатысты емес. Себебі, алыс елді мекендерде интернет жөнді жұмыс жасамайды. Ал POS-терминалдар үздіксіз істеуі үшін интернет үнемі қосулы болу керек.

Ешкенова Дана