МТРА жаңалықтары

Нұротандықтардың қатары толықты

Әлем назарын өзіне аудартып, талайдың жүрегін жаулап алған қала. Биыл ел ордасы – Нұр-Сұлтанға 21 жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай нұротандықтар салтанатты жиын өткізіп, белсенді азаматтарды партия қатарына қабылдады.

Бұның барлығы Сарыарқаның төсінде орын тепкен елордамыз жайлы. Биыл мемлекет астанасына – 21 жыл. Аз да емес, көп те емес. Бірақ, осы аралықтағы бас қаланың жетістіктерін ауыз толтырып айтуға болады.

Наурыздың 23-і Елордамыздың атауы Тұңғыш Президент, жетекші партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың құрметіне аталды. Сондықтан, нұротандықтар үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Мейрам қарсаңында 5 бірдей белсенді азамат  партия қатарына қабылданып, билетке қол жеткізді.

Айгерім Нұрғалиева – «Nur Otan» партиясының мүшесі:

– Жетекші партияның қатарына қосылғаныма өте қуаныштымын. Нұротандықтардың атқарып жатқан жұмысы мол. Әсіресе, жастардың дамуына көп көңіл бөледі. Мен де еліміздің гүлденуіне атсалысып, өз үлесімді қосу ниетімен партия мүшесі ретінде қабылдандым.

28 күнге жалғасқан нәтижелі үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысып, сайлауалды бағдарламаларды халыққа жеткізгендері үшін! Бұл марапаттар “Нұр Отанның” қатарында бірнеше ай немесе жыл жүзінде еңбектеніп жатқан жандарға арналған. Алғыс хат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан.

Біржан Құдайбергенов – «Jas Otan» ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласқаным үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алыс хатына ие болдым. Өте қуаныштымын. Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр. Біз бұл сенімді ақтаймыз деген ойдамын.

Марапатқа ие болғандардың әрбіреуі бұған әбден лайықты. Ақмарал Ибраева – жергілікті университеттің проректоры, профессор әрі тарих ғылымдарының докторы. 25 жыл бойы білім және ғылым саласында еңбектеніп жатқан нәзікжандының оның дамуына қосқан үлесі айтарлықтай. Оқытушы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жаңа буын, өскелең ұрпақтың ел патриоты, жаңашыл, идеяшыл болып қалыптасуы үшін де атсалысамыз дейді.

Ақмарал Ибраева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры, тарих ғылымдарының докторы:

– Бұл – қызықты, жауапкершілігі мол сала. Себебі, жастармен жұмыс істейміз. Олардың ҚР лайықты азаматы болып өсуі – өте маңызды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына барлығы 47 теріскейлік ие болды.

Эльмира Садвокасова