Мәдениет

Жерлесіміз – жеңімпаз

Маусымның 30 жұлдызы Алматы қаласында «Amanat Music» ІІ халықаралық конкурс-фестивалінің 2-кезеңі өтті. Талантты жастарды тоғыстырған өнер бәсекесінде еліміздің әр облысынан сайдың тасындай іріктелген 500-ге жуық өнерпаз қатысты.

Бұл – Мұқағали Мақатаевтың “Сезбейсің ғой” өлеңінен үзінді. Дәл осы туындымен Алмагүл Тастанова облыстық байқауға қатысып, 1-ші орыннан көрінген. Кейін ол «AMANAT musiс» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алған. Алматы қаласында өткен байқауда жерлесіміз қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін тебірентіп, 500 қатысушының ішінен суырылып шығып, бас жүлдені иеленген екен.

Бойжеткен Абай, Мағжан мен Мұқағали өлеңдерін оқып өскен. Өзі де қалам тербейді. Бүгінде Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебіне мүшелі етеді. Түрлі байқауларға қатысып жүрген бұрымдының айтуынша ең бастысы жеңіс емес, сахнада тұрған кезде халықтың ыстық ықыласына бөлену дейді.

Алмагүл Тастанова – «AMANAT musiс» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің жеңімпазы:

– Жалпы, байқауда 500 қатысушы болды. Әрине, қобалжу болды. Себебі, барлық қатысушылар мықты болды.

Алмагүл – Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне оқып жүр. Жас дарынға әрдайым қолдау көрсетіп, жанынан табылатын адам, әрине ол – анасы. Раушан Сүттібаева қызының жетістігіне қуанып, мақтан тұтатындығын айтты.

Раушан Сүттібаева – Алмагүлдің анасы:

– Қызымызды әрдайым қолдаймыз. Кешегі байқаудан жүлдемен оралғаны қуантады.

Енді Алмагүл «AMANAT musiс» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің 3-кезеңіне дайындалуда. Ол қарашаның 26-ы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп жоспарланған. Жалпы, байқауға дәстүрлі ән, жыр-терме, вокал, аспапта орындаушылық, халықтық ансамбльдер, актерлік өнер және ұлттық би номинациялары бойынша 5 пен 21 жас аралығындағы дарынды жастар қатыса алады екен.

Ешкенова Дана