Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында биыл 79 велосипед ұрланған

Велосипедті қоярда абай болыңыз. Оған міндетті түрде арнайы құлпын тағу қажет немесе бейнекамералар бар жерде қалдырған дұрыс. Ережеге құлақ аспаған тұрғындардың биыл 80-ге жуық велосипеді ұрланыпты. Қазір тәртіп сақшылары азаматтармен жүздесіп, мүлікке ие болудың қарапайым тәсілдерін түсіндіріп жүр.

Велосипед, самокат және балалар арбаларының жоғалуы. Бұндай жағдай сәуір мен қазан аралығында жиі кездеседі. Көбінесе ол тұрғындардың салғырттығы салдарынан орын алады екен. Яғни, адамдар өз мүліктеріне мұқият қарамағандықтан, ұрылар бұны пайдаланып қалады. Бұл ретте полицейлер аулаларды және көпқабатты үйлерді аралап, тұрғындарға өз мүліктеріне абай болуға кеңес беруде.

– Мұнда бәрі жазылған: велосипедті қалай сақтау керек; Өз велосипедіңізді темір арқанмен құлыптаңыз, дұрысы шынжыр немесе U-тәріздес темір құлыпты пайдалану керек. Сондай-ақ, велосипедіңізді қараусыз қалдырмаңыз, егер де Сіз үй-жайға, дүкенге немесе дәмханаға кірген болсаңыз, велосипедіңізді назардан тыс қалдырмаңыз немесе бейнебақылау камерасы бар жерге қойыңыз. – Менің велосипедім жоқ…-, Немерелеріңізге айтарсыз.

Полицейлер велосипедті ұрылардан қорғау үшін құлып салуға кеңес береді. Немесе көшеде қалдырудың қажеттігі туындап жатса, онда міндетті түрді сауда үйлері мен банктердің жанындағы арнайы тұрақтарға қою керек. Өйткені, аталған аумақта әдетте бейнебақылау камералары болады.
Тағы бір атап өтетін жайт, велосипед қолды болған жағдайда иесі көлігінің сериялық нөмірін білсе, оны табу әлдеқайда оңайға түседі екен. Аталған сандар доңғалақ рамасының астында жазылып тұрады.

Жеңісгүл Бейсембина – Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

 – Велосипед ұрлығы көбінесе подъездерде, дүкендерде және жертөлелерде жасалады. Осыған байланысты қала тұрғындарынан түнгі уақытта велосипедтерді подъездерде, үйдің маңында қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бұрын қолданыста болған велосипедті құжатсыз сатып алмаңыз. Құжатсыз сатып алған жағдайда ұрланған велосипедтің иесі атанатыныңызды және ұрланған велосипед тәркілеуге жататынын есте сақтаңыз.

Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 79 велосипед ұрланған.

Ешкенова Дана