Спорт

Александр Винокуров әлем чемпионатына жолдама алды

Александр Винокуровтың жарқын жеңісі! Жерлесіміз Ницца қаласында триатлоннан ұйымдастырылған Ironman  турнирінде топ жарды. Осылайша Гавайи штатында өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.

Ол жарыста 45 жасқа дейінгі ерлер арасында сынға түсті. Бұл санаттағы азаматтар 4 шақырымға жүзді, 180 километрді велосипедпен бағындырды және 42 шақырымға жүгірді. Қиын тапсырманы солтүстікқазақстандық 7 сағат 55 минутта орындап, мәреге бірінші келді. Айта кетейік, Александр Винокуров әлем чемпионатына осымен 2-ші мәрте қатысқалы отыр. Бұған дейін спортшымыз 7-ші орын иеленген еді.

Култанов Байболат