Құқық қорғау органдары

Бескөлде учаскелік полиция пункті ашылды

Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде учаскелік полиция пункті ашылды. Ол Фурманов көшесі бойындағы нөмірі 7-ші үйдің бірінші қабатында орналасқан.

Учаскелік пункт сағат таңғы 9-дан кешкі 23:00 ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді. Мекеменің іші барлық талаптарға сай жаңа құрылғылармен қамтылған. Аталған пункт орта есеппен 13 800 тұрғынға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді.

Жәнібек Мұхамадиев, Қызылжар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

– Учаскелік пункт аудан орталығы үшін жұмыс істейді. Оған ауылдағы 30-ға жуық бейнебақылау камерасы қосылған. Мекеме бүкіл стандарттарға сай қамтылған. Мұнда 4 полиция қызметкері және бір көмекші жұмыс істейді. Сонымен қатар, профилактикалық шаруалармен кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасайтын инспектор айналысатын болады.

Актолкын Солтанханкызы