Спорт

Құқық қорғау қызметкерлері арасында қазақ күресінен чемпионат өтуде

Бүгін Петропавлда құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қазақ күресіне ел чемпионаты бастау алды. Руспбликаның түкпір-түкпірінен жиналған 125 қызметкер боз кілемде белдесті. Олардың арасында 54 спорт шебері бар.

Чемпионат облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішевтің құттықтау сөзінен басталды. Кейін, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов пен ПД-нің бастығы Марат Төлебаевті төсбелгімен марапаттады. Сөйтіп, көп ұзамай чемпионат басталып кетті. Бүгінгі белдесуге еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жалпы саны 23 құрама қатысты.

Асқар Омарқұлов, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары:

– Енді мынау “Қазақ күресі” 2-жыл болды өткізіліп жатқанына. Былтыр да осы Қызылжар жерінде өткен болатын. Сонымен қатар, басқа қазақ спорт түрлерін ІІМ-де дамытамыз. Бүгінгі мақсат құқыққорғау спортшыларының арасында қазақ күресін одан әрі жандандыру жеке құрамды тәртіпбұзушыларды құрықтауға дайындық болып саналады.

Бір кездесудің уақыты 5 минутты құрайды. Осы уақыт ішінде қарсыластар бір-бірінен айла-тәсілдерін асырып, ұпай жинаулары қажет. Осы орайда өңірлік қызметкермен белдесіп, жеңіске жеткен ақмолалық Нұрлан Жамаловты атап өтсек болады. Қазақ күресінен бөлек, самбомен айналысатын азамат бұдан бөлек өзге де ел біріншіліктеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болыпты.

Нұрлан Жамалов, чемпионатқа қатысушы, Ақмола облысы:

– Самбо күресінен Азия чемпионы болғам. Әлем чемпионатының жүлдегері болғам. Әлем кубогының жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанғанмын. Қазақ күресіненде жеңімпаз болғам. Міне, бүгін 1 белдесу өткіздім. Солтүстік Қазақстан облысының палуаны. Өзіміздің көрші палуан. Былтыр да осы азаматпен кездескем болатынмын. Бүгін тағы жеңіске жетіп отырмын.

Бұл чемпонатта жеңіске жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері алдағы уақытта өтетін Қазақстан барысына қатыспақ. Ал бүгінгі шараға “Уақыт бойынша ең қысқа кездесу” , “Жас қатысушы”, “Үздік палуан” сынды номинациялар қарастырылған. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар сенбі күні арнайы сыйлық және кубокпен марапатталады.

Актолкын Солтанханкызы