Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларына арналған семинар бастау алды

Халықпен бірлесе отырып тиімді жұмыс атқару, тәртіп сақшыларының біліктілігін одан әрі шыңдай түсу. Нағыз трансформациялық көшбасшының қыр-сырын үйрену мақсатында облыстық құқық қорғау органының 25 қызметкері оқыту семинарына қатысып жатыр. Олар 4 күнге созылатын тренингте түрлі өзекті деген тақырыптарға талдау жасайды. Оған қоса оқыту барысында ойға түйген белгілі бір тақырыпқа өз жобасын дайындап, қорғайтын болады. Семинар еліміздің барлық қалалаларында бір уақытта өткізіліп жатыр.

Лаура Каиржанова – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының директоры:

–  Семинар барысында тыңдаушылар нағыз көшбасшының бойында болуға тиіс қасиеттерді үйренеді. Олардың тәжірибелері қаншалықты мол болса, жұмыс барысында туындаған кез келген қиындықты соншалықты тез еңсере алатын болады. Семинар академиялық 40 сағат көлемінде, ақысыз негізде өткізіліп жатыр.

Эльмира Садвокасова