Сот “Технодом” сертификаты бойынша шешім шығарды

Әр түрлі

12:33 22 Маусым 2019

Технодомның сертификаты туралы іске нүкте қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын қала тұрғыны Галина КОпочеваның аталған сауда үйіне қатысты шағымы туралы бейнематериал көрсеткен болатынбыз. Нәзікжандыға 2 жыл бұрын Технодомнан тауар сатып алып жатқан кезінде тағы 15 мың теңгенің арнайы сертификаты ұсынылған екен. Құжаттың мүмкіндігі пайдаланылмаған жағдайда мамандар ақшасын қайтарып береміз деген көрінеді. Алайда, азаматша тиісті соманы ала алмайды.

Өйткені, уақыт өте келе сертификатта жазылған шарттар өзгерсе керек. Сөйтіп, Галина Копочева базынасын арқалап тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығына, содан кейін сотқа жүгінеді. Ол аталған сауда орнынан 15 мыңды қайтарып беруден бөлек, моральдық зиян келгені үшін 50 мың теңге өтемақы төлеуді талап еткен. Сонымен, екі тарап арасындағы дауға қатысты бүгін сот шешімі шықты.

Гайни Хамзина – Петропавл қаласының №2 сотының судьясы:

– Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 223 және 226-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Копочеваның мүддесін қорғаған облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының талабы қанағаттандырылмайды. Жәбірленуші тарап сұраған сертификаттың құны – 15 мың және 50 мың теңге көлеміндегі моральдік өтемақы төленбейді. Сот шешімімен келіспеген жағдайда бір ай ішінде талап-арызын апелляцияға бере алады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

200-ге жуық елді мекенде интернет жоқ
Жануарларды қорлағандарға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін
Қызылжар ауданындағы 4 ауылдың көшелері жөнделіп жатыр
Петропавлда 1500-ден аса бос жұмыс орны бар
Жерлесіміз теңдесі жоқ қар тазалау техникасын жасады
Гуманитарлық көмек 27 медициналық ұйымға таратылды
Темекі өнімдері енді 21 жастан асқандарға ғана сатылады
Тікелей эфирде би терапиясы жайлы айтылды
Береке ықшам ауданындағы саябақ көгалдандырылуда