МТРА жаңалықтары

“БЖЗҚ” АҚ СҚО бойынша филиалында ашық есік күні өтті

Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалында ерекше ашық есік күні өтті. Кезекті шараға аталмыш ұйым қызметкерлерінен бөлек, өзге де мекеме өкілдері қатысты. Олар 100-ге жуық адамды қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалында ашық есік күні жиі өтеді. Бұрындары осы шара барысында тек мекеме қызметкерлері келушілерді қабылдап, көмек көрсетіп жататыны баршаға мәлім. Бүгін мұндағы мамандардың қатарына өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қосылып отыр. Олар бірлесіп жерлестеріміздің сұрақтарына жауап береді, өзгерістерді әңгімелейді. Мысалы, үстіміздегі жылдың басында зейнетақы заңнамасында бірқатар жаңашылдық орын алған.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Ең басты өзгеріс – ол біріңғай жиындық төлем. Бұл төлем 4 төлемнен тұрады.

Өзге мемлекеттік мекемелер дегеніміз кімдер? Олар: тұрғындар түрлі мәселелерімен жиі баратын ұйымдар, ведомстволар. Араларында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің өкілі Динара Әбішева да бар. Бұл маманға Галина Корнилова есімді нәзікжанды жүгінді. Азаматша зейнетке шығу, жәрдемақы алу бойынша білгісі келеді.

Әңгіме барысында Галина Корнилова өзінің ғана емес, туыстарын толғандырған сұрақтарға да жауап алды. Жерлесіміз ұйымдастырылған шараға разылығын білдірді.

Галина Корнилова – қала тұрғыны:

– Қойылған сұрақтардың барлығына толыққанды жауап алдым. Өзімнің және туыстарымның еңбек өтілін санап берді, зейнетақы жарналары туралы айтты. Зейнетке шығатын уақытымызды да жіті түсіндірді. Бір сөзбен айтсам, маманның қызметіне көңілім толды. Барлығын бір жерден біліп алдым. Осындай шаралар жиі өтіп тұрсын.

Жалпы, ашық есік күні аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облыстық филиалының өкілдері 100-ге жуық адамды қабылдамадық. Мұндай шараны қараша айында тағы өткізу жоспарланып отыр.

Байболат  Култанов