Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы бастау алды

Өңірде республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы бастау алды. Оның барысында тәртіп сақшылары трасса мен елді мекен көшелерінде  жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше мән бермек. Шара 3 күн бойы өткізілмек.

– Удостоверение где ваше личности? Сержант Окапаев, патрульная полиция.

Ярослав Гашек көшесінің бойында такси жүргізушісі тоқтатылды. Тексеріс барысында азаматтың осыдан 3 жыл бұрын көлікті мас күйінде басқарғандықтан, жүргізу құқығынан айырылғандығы мәлім болды. Ал келесі азамат – Қызылжар ауданының тұрғыны. Ол рұқсат қағазы болмаса да жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан.

құқықбұзушы: 

– Якорь селосы мен Петропавл қаласы арасында заңсыз тасымалдаумен айналыстым. Тәртіп сақшылары тоқтатып, хаттама толтырды. Мен енді ресми түрде жұмыс істеу үшін құжаттарымды ретке келтіремін.

Сонымен қоса, тәртіп сақшылары жылдамдық асырудың – 38, маневр жасау ережелерін бұзудың – 14 және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетудің 17 фактісін тіркеген.

Аян Самигулин, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Жедел-алдын алу шарасының бірінші күні жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты барлығы 540 факті анықталды. Соның ішінде 13 адам рөлге масаң күйде отырғаны үшін қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға жолда жүру ережелерін қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.

Актолкын Солтанханкызы