Халық тарих толқынында

Елбасы туралы фотокөрме

«Дамудың даңғыл жолына түсірген Елбасы». Облыстық архивте осындай тақырыппен Ұлт көшбасшысы туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Мұндағы суреттер Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолынан сыр шертеді.

Мұрағат – өткен тарихтың айнасы. Айшықты жылдардың жылнамасы іспетті. Мұндағы ақ-қара түсті суреттер осыдан 30 жыл бұрын түсірілген. Онда Елбасының солтүстікқазақстандықтармен дидарласқан сәттері мен өндіріс орындарында болған кездері де бар.

Айгүл Кикбаева – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қызметкері:

– Мұнда 2005 жылы Петропавлда «Айгөлек» балабақшасының ашылуы. 2006 жылы әлем чемпионатанының қола жүлдегері А.Винокуровпен кездесуі. 2008 жылы ҚР Президенті «Абылай хан резиденциясына» келген сәттерін көруге болады.

Шарада жиналғандар фотокөрмеден бөлек, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жерлестерімізбен әңгімелесу сәтінде түсірілген бейнеролик те көрсетілді.

Суреттер өңірімізде орын алған маңызды тарихи оқиғаларлан сыр шертеді. Оларды тамашалауға келген теріскейліктердің де қарасы қалың, ықыласы жоғары. Солардың арасында Сәуле Билялова да бар. Нәзікжанды 40 жыл бойы мұғалім болып еңбек еткен. Ұстаздың сөзінше осындай көрмелерді бүгінгі ұрпақ көріп, тарихтан хабардар болып өскені дұрыс.

Сәуле Билялова – қала тұрғыны:

– Архивтің ұйымдастырып отырған көрменің келер ұрпаққа берер тәрбилік мәні көп. Еліміздің осындай мықты ел болуына Тұңғыш Президентіміздің сіңірген еңбегі мол. Барлығына оның мықты саясатының арқасында жеттік.

«Дамудың даңғыл жолына түсірген Елбасы» атты фотокөрмеде Тұңғыш Президенттің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін барлығы 15 сурет қойылған.
Айта кетейік, көрме жұртшылыққа аптаның соңына дейін паш етілмек.

Маржан Касымбек