СпортҚұқық қорғау органдары

Қалада нашақорлыққа қарсы спорттық шара өтті

Маусымның 26-сы – Нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай шаһарда бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі «Динамо» стадионында өтті.

Мұнда чемпиондар тек жаттығып қана қоймай, өздерінің осы атаққа қалай жеткендері туралы, бұл жолдың қиын әрі кедергілерді қалай еңсеру қажеттігін баяндады. Бастысы жиналғандарға үнемі спортты серік ету керектігін түсіндірді. Қатысушылардың барлығына чемпиондардың қолтаңбасы бар күнтізбелер берілді.

Маргарита Мұкашева, Азия ойындарының жүлдегері:

– Шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Мен бүгін жай акцияға қатысып қана қоймай, студентермен біраз әңгімелесітім. Оларға спорттағы жетістіктерім туралы айттым. Бұл шара оларға ерекше әсер қалдырды деген ойдамын.

Ал мұнда велошабандоздар жарысты бастауға әзір. Олар 3 шақырымды жүріп өтулері тиіс. Бұл акцияға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, велоспорт мектебінің тәрбиеленушілері мен құқық қорғау органдарының ардагерлері және қызмет бабында көзге түскен полицейлер қатысты.

Қарлығаш Тәшімова, қалалық ПБ жедел басқару орталығының аға инспекторы:

– Мен бұл шарға алғаш қатысып тұрмын. Өзім полиция қызметінде жұмыс істеп жүргеніме 14 жыл болды, жолдасым да осында қызмет атқарады. Өз жұмысымды қатты жақсы көремін.

Кейін, веложарыс соңы шағын концертке ұласты.

 

Актолкын Солтанханкызы