Спорт

Теріскейде үлкен теннистен турнир бастау алды

Петропавлда бүгін үлкен теннистен республикалық турнир бастау алды. 4 күнге созылатын жарысқа еліміздің 6 қаласынан 10 жасқа дейінгі қыздар қатысуда. Байрақты бәсекеде 17 теннисші өзара бақ сынамақ.

Дәл казір қыздар кездесудің алдында дайындықтарын пысықтап жатыр. Бірер минуттан кейін ойын басталады.

Осылайша турнирдің бірінші кезеңі басталып та кетті. Бұрымдылардың барлығының жақсы дайындықпен келегендері байқалып тұр.

Линара Булешева болса үлкен тенниспен 5 жасынан бастап айналысады екен. Қазір оның жасы 9-да. Линараның бұл спорт түрінен тәжірбиесі аз емес. Жас спортшы өз өңірінде біраз жетістіктерге жетіп, 1-ші орындарға да ие болған.

Линара Булешева – турнирге қатысушы, Алматы қаласы:

– Бүгінгі турнирге біраз дайындалдым. Бүгінгі қарсыластарым осал емес. Қазір мысалы мен өзімнің жерлесіммен 1 кордты бөлістім. Бұған дейін де Алматыда бірге ойнаған едік.

Ал Нұр-Сұлтан қаласынан келген Ясмин Сұлтанбекова болса өз кезегін күтуде. Бірінші ойыншылардан кейін Алматы қаласының спортшысымен бақ сынасады. Әрине, оның бойында қобалжу бар екені байқалып тұр.

Ясмин Сұлтанбекова – турнирге қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Мен тенниспен 2,5 жыл айналысамын. Бұрындары әпкеме қызығатынмын. Себебі, ол осы спорт түріне қатысып, жақсы нәтижелер көрсеткен. Бүгінгі турнирде жеңіске жетемін деген ойдамын.

Жалпы, 4 күнге шақталған жарысқа еліміздің 6 қаласынан 10 жасқа дейінгі бұрымдылар қатысуда. Байрақты бәсекеде 17 теннисші қыз бақ сынамақ.

Жасұлан Әбілдабеков – турнирдің бас төрешісі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Спорттың осы түрін Қазақстанның барлық аймақтарында барынша дамытқымыз келеді. Жарысты Петропавл қаласында ұйымдастыруымыздың себебі де осы. Мұндағы жастар осындай үлкен сайыстарды көріп, қызығушылығы оянады. Аталмыш турнирге мықты жас теннисші қыздар қатысуда.

Айта кетейік, жарыстың соңғы күні барлық спортшы қыздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталады.

 

 

Ешкенова Дана