Мәдениет

Қызылжарда республикалық Мағжан оқулары өтті

«Мағжан – ақындардың ақыны». Бүгін Алаш арысы туған қасиетті Қызылжар өңірінде республикалық «Мағжан оқулары» өтті. Жыр додасына еліміздің өңірлерінен жиылған 50-ден астам ұл-қыз қатысты.

Мағжанды пір тұтатын, сансыз өлең-жырларын жатқа білетін жас дарындар жиылған шараның салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. Ол үміткерлерге байқау алдында сәттілік тіледі.

Руслан Әлішев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Жалпы байқау үш кезеңнен тұрады. Олар “Өлең -менің Шолпаным, Айым, Күнім”, “Толқынмен толқын сырласы”,”Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” деп аталады.

Жалпы байқау үш кезеңнен тұрады. Олар “Өлең -менің Шолпаным, Айым, Күнім”, “Толқынмен толқын сырласы”,”Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған” деп аталады. Алғашқысында сайыскерлер ақын жырларын жатқа оқу керек болса, екіншісінде -Мағжанның шығармалары бойынша жүргізілген зерттеулер, үшіншісі жас дарындардың ақынға деген өз туындыларын орындау болып табылады.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Жалпы Рухани жаңғыру аясында Бүгінгі күні теріскейде үлкен іс-шара өткізілуде.Байқауға өңіріміздің барлық түпкір-түпкірінен 50-ге жуық ұл-қыздар қатысуда.

Сайыстың шымылдығын Талдықорған қаласынан келген 14 жасар Аңсар Дәулетбекова ашты. Ол бұған дейін де мәнерлеп оқудан бірқатар жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініпті. Аңсар Мағжанның 50-ге жуық өлеңін жатқа біледі екен. Соның бірі – “Сағындым” атты туындыны бар жан-тәнімен оқып, мәнісін қазылар мен көрерменнің жүрегіне жеткізді.

Аңсар Дәулетбекова – байқауға қатысушы, Талдықорған қаласы:

– Республикалық байқауға өткеніме өте қуаныштымын. Бұған дейін қалалық, облыстық сайыстарда 1-ші орныдарға ие болғанмын.

Айта кетейік, байқау соңында барлық сайыскелерге мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Ешкенова Дана