Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” акциясы өтуде

“Жолда қабылдау”! Осындай атаумен бүгін өңірімізде республикалық ақция өтуде. Мұндай шара облыс аумағында үстіміздегі жылы үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Онда жүргізушілер жол полициясына ұсыныстары мен шағымдарын білдіре алады.

Кезекті “Жолда қабылдау” акциясы Конституция көшесі 55 мекен жайы бойынша өтуде. Бұла маңда көп қабатты үйлер мен сауда орталығы орналасқан. Сондықтан жүргізушілер мен тұрғындар көп жүреді. Олардың кез-келгені полиция қызметкерлеріне келіп, толғандырған сұрақтарын қоя алды. Мұндай мүмкіндікті Гүләйім Исмағамбетова қалт жіберген жоқ. Азаматша бұнын алдында өткен шарада облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің алдында жаяу жүргінші белгісі керектігін айтқан екен. Құқық қорғаушылар бұл мәселені тез арада шешкен көрінеді.

Гүләйім Исмағамбетова – қала тұрғыны:

– Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің алды жақсы болып қалды. Бұрындары ол жерде жылдамдық бәсеңдеткіш аса көрінбейтін. Қазір бәрі алыстан байқалады. Оған өте қуаныштымыз.

Жалпы, республикалық “Жолда қабылдау” акциясы өңірімізде 1 жылдың ішінде 3-4 рет өтіп тұрады. Ақцияның басты мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету, көші-қон заңнамаларын сақтау және өзге де мәселелер бойынша тұрғандардың проблемалық сұрақтарын жедел түрде шешу.

Жасұлан Оспанов – СҚО ДП әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Таңғы 9-дан 19-00-ге дейін әкімшілік, жергілікті және көші-қон полиция қызметкерлері теріскейде және облыс аудандарында, тарнайы жабдықталған автобустар, азаматарды тікелей көп қабатты үйлердің ауласында мобильді қабылдау жүргізуде.

Айта кетейік, “Жолда қабылдау” акциясына кез-келген адам сұрақтары мен ұсыныстарын жолдай алады. Ол үшін тұрғындар 61-25-26 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласу немесе 8-777-642-32-97 нөмірін тіркеп, WhatsApp желісіне хабарлама жібере алады.

Ешкенова Дана