Қоғам

Қалада 2 бірдей фронт-кеңсе ашылды

Тұрғындар енді кабинеттерді араламай, бір жерден өз сауалдарына жауап ала алады. Бүгін әкімшілік және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарында 2 бірдей фронт-кеңсе ашылды.

Бұл – ақпарат орталығы. Мұнда азаматтар өздеріне қажетті сот саласына қатысты мәлімет ала алады. Сонымен қатар, үлгілер мен сот отырысы болатын уақытты біледі. Мұнда тұрғындарға арналған күту залы да бар. Ол WiFi желісімен қамтылған.

Зинегүл Әсембаева, СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңесінің кеңсе меңгерушісі:

 – Азаматтарға қолжетімді болу мақсатында ашық кеңсе принципі бойынша кеңсе орналастырылған. Онда азаматттар құжаттарын тапсырып сұрақтарына жауаптарын ала алады.

Фронт-офистің міндеті – сотқа келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасау, ақпарат беру болып табылады.
Лариса Семейская заңгер болып жұмыс атқарады. Оның айтуынша сотқа жүгінген азаматтар тарапынан көптеген сұрақтар туындайтын көрінеді.

Лариса Семейская, заңгер:

– Бұрын осы сотта ақпарат орталығы болмаған. Қазір бұл тұрғындар үшін өте қолайлы болып отыр. Себебі, сот ғимаратына келген азаматтар қайда барып, кімге жүгіну керектігін білмейтін. Ал бүгінде барлық сұрақтарға жауапты осы кеңседен алу мүмкіндігі туды.

Жалпы, соттардағы фронт-кеңселер «Үлгілі сот» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл жоба 2018 жылдан өз жұмысын бастаған болатын. Осы уақыт аралығында шаһарда 4 бірдей офис ашылыпты.

 

Актолкын Солтанханкызы